You are here

Мемлекет басшысы Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кездесу барысында А.Дауылбаев елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, Мемлекет басшысының азаматтар құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінде таяуда болған өзгерістердің маңыздылығына тоқтала келіп, олар елдегі қылмыстылықтың азаюына септігін тигізетінін айтты.

– Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстерінің жаңа редакцияда қабылдануына байланысты тіркелетін қылмыстар саны артты, бұл жалпы қылмыстық ахуалды байыптауға оң әсерін тигізді. Барлық, тіпті ұсақ құқық бұзушылық та тіркелуге тиіс. Бұл жазадан құтылмау қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жазаның айып салу, бірақ міндетті түрде бостандығынан айырмау секілді қаржылық түрлеріне ден қойған жөн. Осының бәрі қылмыстылық деңгейін төмендетуге және азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бас прокурор құқық қорғау органдарында азаматтар арыздарының 93 пайызы үш күндік мерзім ішінде қарала бастағанын айтты. Сонымен қатар, барлық қылмыстарды 100 пайыз тіркеу қамтамасыз етілген.  Елдегі жалпы қылмыс деңгейі 5,7 пайызға төмендеді, бұл ретте аса ауыр қылмыстар саны 21 пайызға, ауыр қылмыстар 22 пайызға азайған.

Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Президентін азаматтардың еңбек құқықтарының, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары мүдделерінің қорғалуы, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, сот өндірісіне дейінгі объективтілікті және тиімділікті қамтамасыз ету жөніндегі  прокуратура органдары жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті.

Бұдан бөлек, Бас прокурор бюджетті толықтыру және пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында қолданылып жатқан шаралар турасында әңгімеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұдан әрі нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті күшейтуге, мемлекет пен қоғам мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 

http://www.akorda.kz/kz/page/page_217889_

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.