You are here

Маңғыстау облысы прокурорының төрағалығымен кезекті алқа мәжілісі өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосыновтың төрағалығымен 2013 жыл және 2014 жылдың 1-ші тоқсанында уәкілетті мемлекеттік органдардың және ірі кәсіпкерлік шаруашылық субъектілердің қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы туралы тексерудің нәтижелері, оның ішінде өндірістік жарақаттылық жағдайларындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері бойынша кезекті алқа мәжілісі өткізілді.

Тексеру жұмыстарына еңбек заңдылықтарын қорғайтын уәкілетті органдармен қатар, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мекемелері, сонымен бірге ірі кәсіпкерлік субъектілері қамтылды.

Тексеру қарытындысы бойынша мемлекеттік органдар және жұмыс беруші шаруашылық субъектілері көптеген жағдайларда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу және тексеру тәртібін бұзып, еңбек ету жағдайының қауіпсіздігін ойдағыдай қамтамасыз етпей, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзып, жұмыс берушілер жағынан еңбекті қорғау тәртібі талаптарын сақтамау деректерінің орын алғаны белгілі болды.

Уәкілетті органдардың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2013жылы және 2014 жылдың өткен мерзімінде 106 ауыр және өте ауыр жарақат алу деректері тіркелген, олардың 11-і өліммен аяқталған.

Талдау көрсеткендей, жоғарыда көрсеткен 106 жарақат алу оқиғасының 36-сы немесе 48,5 пайызы, мұнай-газ саласында қызмет атқаратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінде орын алған.

Сонымен қатар, заң талаптарына қарамастан, денсаулық сақтау мекемелерін тексеру кезінде көп жағдайда өндірістегі жарақат алу жазатайым оқиғаларын жұмыс берушілердің хабарламаған деректері және осы бойынша ақпараттарды еңбек заңдылықтарын қорғау бойынша уәкілетті органдар мен ішкі істер органдарына жолдамау фактілері анықталған.

Тексеру барысында 165 жарақаталу дерегінің облыстық Еңбек басқармасына хабарланбағаны, оның ішінде 143 өндірістік жарақаталу жазатайым оқиғасының құқық қорғау органдарына хабарланбау деректері анықталды.

Жоғарыда көрсетілгендер ішінде 6 ауыр, 42 ауырлығы орташа және 117 кішігірім ауырлықтағы өндірістегі жарақат алу оқиғасы жасырылған.

Алдын ала есептеулер бойынша 165 өндірістік жарақат алған жұмысшыларға залал өндіру құны шамамен 7 млн. 900 мың теңгені құраған.

Қазіргі таңда барлық жасырылған өндірістік жарақат алу деректері бойынша ішкі істер органдары тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Тексеру қорытындысы көрсеткендей, облыстық Еңбек басқармасы өндірістік жарақат алужазатайым оқиғалары бойынша оларды болдырмау, алдын алу және профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейтіндігі және бақылау функцияларының төмен жағдайда екендігі, сонымен бірге денсаулық сақтау және уәкілетті органдармен өзара іс-қимылдардың жоқтығы белгілі болды.

Сондай-ақ, өз кезегінде Денсаулық сақтау басқармасы қолданыстағы еңбек заңдылықтары талаптарын бұза отырып, әрбір өндірістік жарақат алу жазатайым оқиғасын жұмысшының бастапқы қаралуынан бастап еңбек инспекциясына хабарламайтындығы анықталды.

Барлық анықталған бұзушылықтар  бойынша уәкілетті орган атына 14 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, олардың қаралуымен 24 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.