You are here

Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-практикалық конференциясы туралы (2016 жылғы 22 сәуір)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заңнаманы, құқық қорғау және құқық қолдану қызметін жетілдіру» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция шеңберінде мемлекеттік аппаратты жаңғырту, қылмыстық саясаттың даму беталыстары, процестік қызметтің өзекті аспектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Конференция тақырыбы мен форматы еліміздің жас ғалымдарының үлкен қызығушылығын тудырды. Конференцияның жұмысына ҚР ІІМ-нің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ гуманитарлы-заң университетінің, Қазтұтынуодақтың Қарағанды экономикалық университетінің және т.б. магистранттары мен докторанттары қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция қатысушыларының баяндамалары сонымен қатар діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру, қылмыстық табыстарды «жылыстатумен» күрес жүргізу, қылмыстық сот өндірісіне қатысатын қорғаушының өкілеттіктерін кеңейту проблемаларына арналды.

Іс-шараның материалдарымен конференцияның жинағында толығырақ танысуға болады.

Бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша қатысушылар норма шығармашылық және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қабылдады. Бұл ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға қарастыру және олардың қызметінде пайдалану үшін жіберілетін болады.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.