Литва Республикасының Әділет вице-министрімен кездесу туралы

26 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанада Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мен Әділет вице-министрі Паулюс Грицюнас бастаған Литва Әділет министрлігінің делегациясы жұмыс кездесулерін өткізді.

Тараптар екі ведомствоның нормашығармашылық қызметі, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Литва Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын белгіледі.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сарапшылары Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шарт жобасын әзірледі.

Аталған халықаралық құжат қазақстандық және литвалық азаматтарға өз отанында жазасын өтеу, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеу мүмкіндігін беруге байланысты мәселелерді реттейді.

Келісімге қол қою жыл соңына дейін жоспарланған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу