You are here

Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу фактілері анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы 2013 жыл мен 2014 жылдың өткен кезеңіндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың қолданылуына тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу фактілері анықталды.

2013 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу қоры (МЗТҚ) Бөрлі аудандық бөлімшесіне жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алуға 500 азамат жүгінгендігі анықталды. Кейін, олар ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабына сәйкес төлемдерді алу үшін растайтын анықтамаларды беру арқылы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар ретінде тіркелген.

ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган алушыны есептен шығарғаннан кейін бір ай өткен соң тоқтатылады деп қарастырылған.

Бірақ, аталған норманы бұза отырып 295 адам есептен шығарғаннан соң бір ай өткен соң жұмыссыз ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алып келген.

Мысалы, Е.С.Айтимовқа 05.08.2013 жылы 22 290 теңге сома әлеуметтік төлем тағайындалған, осыны ол 04.12.2013 жылға дейін алып келген, ал жұмыспен қамту бөлімінен есептен 16.08.2013 жылы шығарылған, осылайша, 16.09.2013 жылдан бастап 04.12.2013 жылға дейінгі аралықта 66 870 теңге сомада әлеуметтік төлемдер заңсыз төленген.

Осыған ұқсас, 294 азаматқа жалпы сомасы 17 872 251 теңге заңсыз түрде төленген.

Аталған фактілер бойынша аудан прокуратурасы МЗТҚ РМҚК БҚОФ басшысының атына 18 043 191 теңге сомада мемлекеттік қордан заңсыз төленген жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді мемлекет пайдасына қайтару шараларын алу туралы мәселені қоя отырып заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Тексеріс материалдарын аудан прокуратурасы ҚР ҚІЖК 185-бабының тәртібінде процессуалдық шешім қабылдау үшін Бөрлі ауданының ІІБ-на жолданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.