You are here

Әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану жөніндегі соттардың шешімдерінежасалған мониторинг нәтижесі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептеріне сәйкес, 2013 жылы 43 млрд. астам теңгенің игерілмеуінің бірден-бір себебі - әлеуетті өнім берушілердің өз міндеттерін орындамауы болған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-тармағына сәйкес, сатып алуға қатысумен байланысты шектеулердің бірі–ол ықтимал өнім жеткізушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне қосылуы болып табылады.

Іріктеп жасалған мониторинг нәтижесі тізілімдемемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған 989 (2013 жылы–623, 2014 жылғы 1 тоқсанда–366)заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге қатысты мәліметтердің жоқ екендігін көрсетті.

Мысалы, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шарт бойынша міндетін орындамағаны себепті «Надежда и КА» ЖШС жосықсыз қатысушы деп танылған, алайда аталған ЖШС туралы мәлімет тізілімге енгізілмеген.   

Келесі жағдайда, өнім жеткізушінің тапсырыс берушімен келісім шарт жасаудан жалтаруы, өнім жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға себеп болған.  

Атап айқанда, Астана қаласы Білім басқарамасының №63 орта мектебі бастауыш сыныптар үшін 740 мың теңге көлемінде 60 дана мектеп парталарына мемлекеттік сатып алу жүргізген. Мемлекеттік сатып алулардың қорытындыларын бекіту туралы шешіммен ЖК «А.Самойлов» мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған.Жеке кәсіпкердің мекен-жайына мемлекеттік сатып алудың келісім-шарты қол қою үшін жолданған, алайда, жеке кәсіпкер келісім-шартты қері қайтармай, келісім-шарт жасасудан жалтарған.Мектептің әкімшілігі ЖК «А.Самойловты» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен Астана қаласының арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.№63 орта мектептің талап арызының талаптары толық көлемде қанағаттандырылған. Алайда, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына қайшы, аталған жосықсыз қатысушы туралы  ақпарат тізілімде көрсетілмеген.

Сонымен қатар, жосықсыз қатысушылар туралы мәліметті тізілімге өз мерзімінен кешіктіріп қосу деректері де орын алып отыр.

Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша арнайы мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен  ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «КА-168/3 мекемесі» ММ-нің талап арызы бойынша жеке кәсіпкер «А.Таганов» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған.

Шешім 2014 жылғы 14 қаңтарда заңды күшіне енген, алайда ЖК «Таганов» тізілімге тек, 11 мамырд, яғни, сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін 5 ай өткен соң ғана қосылған.

Тек қана Ақтөбе облысы бойынша тізілімге заңды және жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп өз мерзімінен кешіктіріп қосудың 233 дерегі анықталды.

Жалпы алғанда бұл және өзге де мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтердің тізілімде болмауына қатысты  бұзушылықтар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12- бабымен көзделген сыбайлас құқық бұзушылықтарды жасауғаалғышарт жасайды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңбаспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.