You are here

Қызылорда қаласының прокуратурасында ведомствоаралық отырыс өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі кәмелетке жасы толмағандардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтау болып табылады.

Осы бағытта қалалық прокуратура жасаған талдау көрсеткендей, биылғы жылы кәмелетке толмағандардың қол жұмсау деректері орын алмаған, бірақ өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу деректері өскен.

Кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының профилактикасы мақсатында қалалық прокуратураның бастамасымен қалалық әкім орынбасарының, ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің, барлық мектеп директорларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау бойынша проблемалық мәселелер, ҰБТ өткізу барысында кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау» тақырыбында ведомствоаралық жиналыс өткізілді.

Осы мәжілісте кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу деректерінің өсуі талқыланды, комиссияның, ішкі істер органдары, білім бөлімі және мектеп әкімшілігі тарапынан атқарылып жатқан шаралардың тиімсіз екені атап көрсетілді.

Жасөспірімдердің білім алуы барысында мектеп психологтары мен мектеп әкімшілігі тарапынан бұл проблемалық мәселелер назарға алынбаған.

Ведомствоаралық мәжіліс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында нақты міндеттерді белгілеп, олардың орындалуын бақылауға алды.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.