You are here

Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарын одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы баспасөз ақпараты (Алматы қаласы, 2016 жылғы 4 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен есірткі контрабандасы және адам өлтіргендері үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған біздің елдің төрт азаматы Үрімші қаласынан жеткізілді.

Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылдың 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты (ҚР заңымен 2013 жылдың 20 қарашасында ратификацияланған, ҚХР-да–2015 жылдың 1 шілдесінде) іске асырыу мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады.

Берілген тұлғаларға қатысты қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды.

Берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.