You are here

Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарын одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы баспасөз ақпараты (Алматы қаласы, 2015 жылғы 28 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен есірткі және сирек кездесетін жануарлар контрабандасы үшін әртүрлі жаза мерзімдеріне Қытайда сотталған еліміздің бес азаматы Қытайдан Қазақстанға жеткізілді.

Қытай тарапының құзырлы органы сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылғы 22 ақпандағы (2013 жылдың 20 қарашасында ҚР заңымен ратификацияланған, ҚХР – 2015 жылдың 1 шілдесінде) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдаған.

Осы азаматтарға қатысты қытайлық соттың үкімін тану және орындау туралы кепіл ретінде ҚХР-дың құзырлы органдарына қазақстандық соттардың тиісті қаулылары жолданды.

Берілген адамдар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.