Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты (15 наурыз 2013 жыл.)

15 наурыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен ҚР Бас прокуратурасы мен Конституциялық кеңесі халықаралық серіктестерімен бірге ұйымдастырған «Құқықтық мемлекет принциптері негізінде Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр.

Форумның жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың басшылары, Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және шетел сарапшылары қатысуда.

Осы отырыста атап айтылғандай, сотқа дейінгі іс жүргізудің проблемасы қылмыстық іс жүргізу заңын жетілдірудегі өзекті меселелердің бірі болып табылады. Оның қолданыстағы үлгісі қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, сонымен бірге, оның тиімділігіне, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға теріс әсер етеді.

Дөңгелек үстел отырысы барысында Бас прокуратура әзірлеген заң жобасының шеңберіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдірудің маңызды бағдарлары жан-жақты талқыланды. Ұсынылған новеллалар тергеу органдарының жұмысын біраз жеңілдетуге және жылдамдатуға, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңын жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға мүмкіндігінше жақындатуға және қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдеме беруге шақырады.

Мүдделі сұхбат шеңберінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тиімділігін арттырудың, қылмыстық іс жүргізу тәжірибесіне жаңа принципті ережелер енгізудің, қылмыстық құқықтық дауды соттан тыс шешу тетіктерін жетілдірудің негізгі аспектілері туралы пікір алмасылуда.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу