You are here

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау мәселелері бойынша халықаралық конференция туралы баспасөз ақпараты (Алматы қ., 2014 жылғы 6-7 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6-шы наурызда Алматыда «Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі және қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция ашылды. Бас прокуратура және Конституциялық кеңес, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар осы іс-шараның ұйымдастырушылары болып табылады.

Конференция жұмысына Конституциялық кеңестің төрағасы И.Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Парламент депутаттары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбеков, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А.Шәкіров, Әділет министрі Б.Имашев, Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, сондай-ақ Еуропалық Кеңестің Венециандық комиссиясының, халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық құқытанушы ғалымдар қатысты.

Екі күндік конференция барысында құқықтық тетіктерді жетілдіру мәселелері бойынша белсенді пікірталастар болды.

Қылмыстық процесті оңайлату және оның тиімділігін арттыруға бағытталған Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдірудің маңызды қырлары жан-жақты талқыланды. Ұсынылып отырған новеллалар тергеу органдарының жұмысын едәуір жеңілдетуді және жылдамдатуды, қылмыстық іс жүргізу заңын көпшілік мақұлдаған халықаралық стандарттарға барынша жақындатуды, қылмыстық іс жүргізу барысына қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдігін күшейтуді көздейді.

Талқылау барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тиімділігін арттырудың, қылмыстық іс жүргізу тәжірибесіне түбегейлі жаңа ережелер енгізудің, қылмыстық-құқықтық дауды соттан тыс шешу тетіктерін жетілдірудің негізгі аспектілері туралы пікір алмасу орын алды.

Атап айтқанда, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қылмыстық іс бойынша айғақтарды жинауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізу, қылмыстьық іс жүргізуге медиация рәсімін енгізу, қылмыстық іс жүргізуге тергеу судьясы тұлғасын енгізу мәселелерімен байланысты проблемалар қызу пікірталас туғызды.

Одан өзге, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, қылмыстық іс жүргізудегі адвокаттың рөлін арттыру, сондай-ақ қалпына келтіру соты төрелігінің қағидаларын қамтамасыз ету және қылмыстан зардап шеккен тұлғалардың құқықтарын қорғау проблемалары талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша қылмыспен күрес міндеттерін шешу барысында адам құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.