You are here

Қылмыстық заңнаманың құқық қолданушылық практикасының өзекті мәселелері талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Жиында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерін қолдану практикасының мәселелері қаралды.

Отырыс жұмысына Сенат депутаттары, Бас прокуратура, Жоғары сот, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, әділет, қаржы министрліктерінің, құқықтанушы ғалымдар, соңдай-ақ Германиядан келген сарапшылар қатысты.

Отырысты ашқан Комитет төрағасы Серік Ақылбай жаңа кодекстерді қолдану практикасы осы салада басталған реформалардың дұрыстығын көрсеткенін айтты. Жаңартылған қылмыстық заңнама жағдайында процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестің тиімділігін жоғарылатуға жол берген жаңа құқықтық және процестік институттар табысты жұмыс істей бастады.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Шығыс Қазақстан облыстық соты, прокуратурасы және ішкі істер департаментінің бірінші жетекшілері баяндама жасады.

Отырыс барысында қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі тергеу судьясының, процестік прокурордың рөлі тәрізді жаңа процестік институттарды талқылауға, процестік келісімге, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу және басқа да өзекті мәселелерге ерекше көңіл аударылды. Баяндамашылар азаматтардың құқықтарын қорғалуын күшейту және қылмыстық процесті одан әрі оңайлату мақсатында әрекет етуші заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Жаңашылдықтарды бірлесіп талқылау жинақталған құқық қолдану практикасының нәтижелерін объективті талдауға, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландыру, оның құқық қорғаушылық әлеуетін күшейтуінің  негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.