You are here

Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту мәселелері бойынша халықаралық конференция туралы (2016 жылғы 3-5 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Алматы облысында «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі және құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық конференция болып өтті, оны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Жоғарғы соты және Конституциялық кеңесі, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисі, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы, «IRZ» германдық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры және өзге де халықаралық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, Әділет министрі Берік Имашев, сондай-ақ халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық, құқық қорғаушылық ұйымдардың өкілдері, Германия, Ресей, АҚШ және Украинаның ғалымдары қатысты.

Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту мәселелерін талқылауға арналған конференцияның екінші күнін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ашты. Ол Мемлекет басшысының қоғам сұранысына және халықаралық стандарттарға жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру туралы тапсырмасын орындау тұрғысында қылмыстық процестік заңнаманы реформалаудың және адам құқығын қорғаудың озық процестік тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап көрсетті.

Сотқа дейінгі тергеудің заманға сай моделін енгізу, қылмыстық қудалаудың сапасын арттыру, қылмыстық сот өндірісіндегі прокуратура мен соттың рөлін күшейту күн тәртібінің маңызды тақырыптары ретінде болды.

Конференцияға қатысушылар атап өткендей, басталған реформалардың дұрыстығын практика дәлелдеп отыр. Жаңартылған қылмыстық процестік заңнама жағдайында тергеу және сот органдарына жүктемені айтарлықтай азайтуға, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына кепілдік беруге мүмкіндік жасайтын жаңа құқықтық және процестік институттар жемісті жұмыс істей бастады.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель өз сөзінде Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің новеллаларын қолдану тәжірибесін талдау нәтижелеріне тоқталды, сотқа дейінгі өндірістің жаңа моделінің сөзсіз артықшылықтарын, азаматтардың құқықтарын қорғаудың озық тетіктерін атап көрсетті. Сондықтан, қылмыстық процестің одан әрі дамуы  ең алдымен халықтың сенім деңгейін нығайтуға, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап көрсетті.

Форум барысында сотқа дейінгі өндірістің негізгі новеллалары, жаңа Қылмыстық процестік кодекс аясындағы құқық қолданушылық тәжірибе мәселелері бойынша талқылаулар мен пікір алмасулар болды. Баяндамашылар жүргізілген реформалардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.

ТМД және Еуропа елдерінен келген қонақтар сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастырудағы өз тәжірбелерімен бөлісті. Шет елдік сарапшылар ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға бағытталған нормалардың енгізілуін жоғары бағалады.

Процестік жаңашылдықтарды бірлесіп талқылау жинақталған құқық қолданушылық тәжірибенің нәтижелерін объективті талдауға, процестік заңнаманы одан әрі жетілдірудің, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландырудың, оның құқық қорғаушылық әлеуетін күшейтудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.