You are here

Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңарту мәселесі жөніндегі дөңгелек үстел отырысы туралы (2015 жылғы 12-13 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Алматы облысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Конституциялық кеңесінің және Жоғарғы сотының, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ өкілдігінің, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының, «IRZ» Германиялық халықаралық құқтық ынтымақтастық қорының ұйымдастыруымен «Қылмыстық сот ісін жаңарту – құқық қорғау жүйесінің тиімділігін және Республика Конституциясының құқық қорғау әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өз жұмысын бастады.

Жиынға Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Әділет министрі Берік Имашев, Парламент депутаттары, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының өкілдері Николай Кузнецов және Гунарс Кутрис, ГФР Төменгі Саксонияның Әділет министрінің отставкадағы орынбасары Олеркинг Юрген, Конституциялық кеңестің, республикалық адвокаттар алқасының мүшелері, дипломатиялық корпустың, ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты алғысөзбен ашқан Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель жаңадан қабылданған Қылмыстық-процестік кодекстің азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтетіні, қылмыстық процестің тиімділігі мен үнемділігін арттыратыны және оны халықаралық стандарттарға барынша жақындататыны жайлы маңызын атап көрсетті.

Форум аясында Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа талаптары кеңінен талқыланды, сонымен қатар қылмыстық сот ісін жетілдіру саласындағы халықаралық тәжірибе туралы жан-жақты пікір алмасылды.

Сондай-ақ, қылмыстық процестегі адвокаттың рөлін арттыру, келтірілген шығынды өтеген адамдарға қатысты сот тәжірибесін одан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар, олардың ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға бағдарланған нормалардың енгізілуіне жоғары баға берді.

 

Қазақстан Республикасы Бас  прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.