You are here

Қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша брифинг өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша брифинг өтті - 1712563325

24 тамыз 2017 жыл, Астана қ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құқық қорғау органдары, сот және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық процесті реформалаудың негізгі жолдарын талқылады.

Бұл іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы төрағасының мінедетін атқарушы Ерден Әріпов, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша реформа жүргізудің жолдарын нақтылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына Жоғары Соттың, Әділет министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары кірді. Ұлыбритания, ГФР, Эстония және Грузияға арнайы жұмыс сапарымен бару арқылы шетелдік тәжірибе жан-жақты зерттелді.

Жиында сөз алған спикерлер ұсынылып отырған құқық қорғау қызметін жетілдіру және  қылмыстық процесті реформалау заңның үстемдік етуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясаттың жаңа кезеңі болып табылатынын атап өтті. Осы бағыттағы ауқымды жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған Ұлт жоспарын іс жүзінде орындау шеңберінде жүргізілді.

Жалпы алғанда реформа қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды нығайту, тараптардың жарыспалылығын арттыру, соттық бақылауды  кеңейту, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленетін болады.

Жекелей алғанда, тұтқынға алу түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылатын  қылмыстар санаты бойынша қысқарту ұсынылады. Қылмыстық топпен жасалған қылмыстарды есептемегенде, ол біріншіден, экономикалық қылмыстарға қатысты болады.

Сонымен қатар ұсталғандарға бұлтартпау шарасын таңдау үшін сотқа жеткізу мерзімін қысқарту және қылмыстық істі тергеу шеңберінен шығатын дәлелдемелерді алып тастау ұсынылады.

Адвокаттарға дәлелдемелерді жинау бойынша анағұрлым ауқымды құқықтар бөлу туралы новелла маңызды болып табылады.Бұл сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық процестің жарыспалылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Атап көрсетілген және басқа да бастамалардың барлығы Заңның жобасына еніп, оның негізгі бағыттарын Мемлекет басшысы мақұлдады. Қазіргі уақытта Заң жобасы белсенді әзірлену үстінде.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.