You are here

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою жөнінде (Лондон, 2015 жылғы 3 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан тарапынан Шартқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев, британиялық тараптан – Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд қол қойды.

Тараптар құжатқа қол қою қылмыскерлікке қарсы тұру саласындағы екіжақты серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін және екі жақтың да құзыретті органдардың қылмыстық-құқықтық саладағы жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

А. Дауылбаев осы оқиға қазақстандық-британдық құқықтық ынтымақтастықтың кеңейтуінде, екі елдің қылмыспен күрестегі күштерін  біріктірудегі тарихи маңызды болғанын атап айтты.

Осы күні Ұлыбританияның Қылмыстылыққа қарсы ұлттық агенттігінің Бас директоры Кейс Бристоумен кездесу өтті, соның барысында өзара қызығушылық тудыратын сұрақтардың кең ауқымы талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша А. Дауылбаев пен К. Бристоу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінің Қылмыскерлікке қарсы Ұлттық агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжаттар қазақстандық және британдық уәкілетті органдарға қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, қылмыстық қудалау және ескерту саласында бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қолдану, техникалық және криминалистік әлеуетті кеңейтуді қоса алғандағы құқық қорғау қызметіндегі озық тәжірибемен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Ірі алаяқтық қылмыстармен күрес жөніндегі кеңсесінің директоры Дэвид Гринмен кездесуінде Қазақстанның Бас Прокуроры трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және киберқылмыспен күрес саласындағы өзара ықпалдастықты қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға мүдделілігін білдірді. Экономикалық қылмыстарды, ақша қаражатын жылыстату және қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.