Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

05 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Еліміздегі тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі көбінесе прокурорлар жұмысының тиімділігіне байланысты. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлығына дерлік маңызды саласын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған.

Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.

Ал заңдылық пен әділеттіліктің басты қағидаларын нығайтуға теңдессіз үлес қосқан ардагерлеріміз шын көңілден айтылатын қандай да бір ерекше жылы лебіздерімізге лайық.

Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге және әрқайсыңыздың отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, бақыт және толайым табыс тілеймін! Заңдылықты нығайту жолындағы алдымызда тұрған жауапкершілігі зор міндеттерді орындауда және егемен Қазақстанның одан әрі қалыптасуына арналған жасампаз еңбек жолында мол жетістіктерге жетіңіздер!

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Асхат Дауылбаев

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу