You are here

Құрметті қазақстандықтар, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сіздерді еліміздің өміріндегі маңызды оқиға, әрбір қазақстандық үшін қымбат болып табылатын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Осыдан 22 жыл бұрын Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың данышпан басшылығымен қазақстандықтар ертеңгі күнге және еліміздің өркендеуіне деген сенімділікке қол жеткізді. Қазақстан өмірлік маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді және құқықтық реформаларды жүргізуде қомақты жетістіктерге жетті, осының нәтижесінде еліміз әлемдік аренада өзіне лайықты орнын алды. Бүгінгі таңда Қазақстанды бейбітшілік сүйгіш және қарқынды дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем таниды.

Тәуелсіздік жылдарында қадағалау қызметін жетілдіру ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделерін күзете отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Сіздерді және сіздердің жақындарыңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақ-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы біздің ортақ істеріміз бен бастамаларымызда жетістіктер тілеймін!

Асхат Дауылбаев,
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.