You are here

Құқықтық статистика органдарының тексерулерді тіркеу және есепке алу саласындағы қызметі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 17 қазаны)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту жөніндегі нұсқауларын жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратура мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, сондай-ақ заңсыз тексерулерден кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

 Жалпы алғанда прокуратура органдарының мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін оңтайландыру  жөніндегі жұмысы оң нәтижесін беріп, соңғы 5 жылда тексеру саны едәуір азайды.

2013 жылдың 9 айында тіркелген тексерулер саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 115 мыңға, яғни, 35 пайызға (330 284-тен 214 759-ге) төмендеген.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру көлемі де 47 мыңға, немесе 26 пайызға (186 488-ден 138 670-ке дейін) азайған.

Көрсетілген кезеңде 702 заңсыз тексерулер анықталса, оның 457-і жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болған, 2 221 тексеруді тіркеуден бас тартылса, олардың 1 530-ы кәсіпкерлерге қатысты болып отыр.

Тиімді жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 2013 жылдың 2-ші жартыжылдығында бақылау және қадағалау органдары жоспарлаған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 300-ден астам заңсыз тексерулердің жолы кесілді.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік бақылау органдарының 100-ден астам лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған прокуратура органдарында «Бизнесті президенттік қорғау» жүйесі аясында жасалған «Бизнес тірегі» порталының көп жәрдемі тиді. Тексеру мен бақылау жүргізу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жоба арқылы кез-келген кәсіпкер қолында бар байланыс құралы арқылы оның заңдылығы мен негізділігін  біле алады.

Егер тексеру кезінде кәсіпкер құқығының бұзылғаны туралы хабарлама түссе, онда прокуратура органдарында құрылған жедел топ ол жерге дереу жетеді.

Жыл басынан бері прокуратура органдарының жедел топтарына  кәсіпкерлерден 696 осындай хабарлама түскен, олардың 75 пайызында аталған заң бұзушылық расталып, прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылды.

 Іске қосылғаннан бері Бас прокуратура порталына 20 мыңдай кәсіпкер арыз берген.

Порталдың тиімді жұмысы мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерулердің алдын алуға едәуір ықпал етіп, кәсіпкерлермен оң байланыс орнатуға жәрдемін тигізуде.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.