You are here

Құқықтық статистика: құқыққорғау органдары жұмысының маңызды тірегі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2003 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесін ары қарай жетілдіру мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құрылды  және осы жылы желтоқсан айында осы саланы реттейтін «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» заң қабылданды.

Осы екі құжат мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы уәкілетті органның мәртебесін, мақсаты мен қызметін заң деңгейінде анықтап берді, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес құқықтық статистиканы ұсынатын субъектілердің (құқыққорғау, сот және өзге де органдар) тізімі айқындалды.  

Құқықтық статистиканы қалыптастыру және осы салада прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру қызметтерінзаңмен бекіту орталық мемлекеттік органдарды қоғамдағы қылмыстылық жағдайы, сот пен қылмыстық қудалау органдарының процессуалдық қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштері, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудағы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы жүйелі түрде толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тиімді шара болып табылды.

Бүгінгі таңда Комитет Президент Әкімшілігін, Қауіпсіздік Кеңесін,Үкіметті, республикамыздың сот және өзге мемлекеттік органдарын еліміздегі заңдылықтың сақталуы, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, есірткімен күрестің жағдайы туралы статистикалық және ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етуде.

Осы мақсатта Комитет статистикалық есептіліктің 43 нысан (салыстыру үшін: 1998 жылы Орталықта 27 насан ғана болған) қалыптастырған.6ақпараттық жүйе қызмет етеді: «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе», «Тұлғалардың жүгінулерін бірыңғай есепке алу», «Арнайы есепке алу», «Автоматтандырылған дактиласкопиялық ақпараттық жүйе», «Ақпараттық қызмет көрсету» сонымен қатар  «Құқыққорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі».

Комитет қалыптастыратын құқықтық статистикалық ақпарат прокурорлық қадағалауда және  барлық мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауында негізгі ақпарат көзі болып табылады. Оған Президент Әкімшілігінен, Үкіметтен және барлық мемлекеттік органдардан құқықтық статистикалық деректер мен арнайы есепке алудың мәліметтерін беру туралы тұрақты түрде түсетін сұраныстары дәлел.  

Мына мысалдар жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижелілігініңкуәсі болып табылады. Мәселен, егер 1998 жылы Комитет мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғалардың 33 мың сұрауына жауап берсе, онда 2008 жылы одан 60 есе көп, яғни, 2 млн. 102 мың  сұрауына жауап берген.

Бүгінгі күні Комитет жеке және заңды тұлғаларды қосқанда барлық қолданушылар үшін ақпарат жеткізуші болып табылады. Статистикалық ақпарат ведомстволық сайтта жарияланады және кімге де болсын  қолжетімді. 

Қылмыс туралы хабарламалардың толық форматты статистикалық есебін жүргізу, мәліметті бұрмалаудың кез-келген дерегіне шұғыл түрде шара қабылдау – осы жұмыстардың басты бағыты. Бұл ретте прокурорлардың бірінші көмекшісі – инновациялық технологиялар болып отыр.

Комитетте автоматты түрде тек қана қылмыстылық туралы ғанамәліметтер емес, сот шешімдері, прокурорлық қадағалаудың нәтижесі, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік органдармен азаматтардың жүгінулерін қараудағы заңдылықтың сақталуы туралы да мәліметтер жинақталады. Бұл стратегиялық түрде де өзін ақтайды, өйткені ол органдарда осы тектес жүйелерді құру қажеттілігі болмайды. Оларға қуатты сервермен және бағдарламамен қамтамасыз етілген Комитеттің мәліметтерін қолдану ыңғайлы әрі тиімді.

 «Қадағалау» ақпараттық жүйесіндегіпрокурорлардың күнделікті қадағалау қызметінің есебін автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасын табуда. Прокурордың  автоматтандырылған жұмыс орнында Комитеттің Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйесі аясында барлық прокурорлық қадағалаудың түрлері бойынша электронды ақпараттық есепке алу құжаты нысандары бекітілген іс жүргізудің электронды формасы жұмыс істеп тұр.

Мәселен, а.ж. басынан бері әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты  қадағалау бойынша прокурорлар «Қадағалау» ақпараттық жүйесінде прокурорлық қадағалау актілері мен тексерулерді электронды тіркеуді жүзеге асыруда.  «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» ААЖ-не шоғырланған осы мәліметтер негізінде тестілік режимде олардың қызметі туралы есептілік қалыптастырылуда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, а.ж. 11 айында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуына 14100 тексеру жүргізілген, нәтижесінде 368 488 заңбұзушылық анықталған. 34 мыңнан аса прокурорлық қадағалау актілері қолданылып, 51 257 қызметкер түрлі жауапкершіліктерге тартылған, мемлекет кірісіне 71 025 млн. теңге шығын өндірілген. Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша мемлекетке жалпы құны 289 342 млн. теңгені құрайтын мүлік қайтарылған.    

Прокурорлық қызметтің басты бағыттарының бірі – мемлекеттік органдар қабылдайтын актілердің заңдылығын қадағалау болып табылады. Мысалы, осы мерзімде прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 29 мыңнан аса заңсыз актілер өзгертілген және бұзылған, оның ішінде 191-і нормативтік құқықтық акті, оның 50-і әділет органдарында тіркелген. Шектеусіз орта адамдарының конституциялық құқығынақатысты 4 заңсыз акті бұзылған және өзгертілген. Жалпы 380 мыңнан аса азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалған.

А.ж. екінші жартыжылдығынан бастап прокуратура органдары азаматтардың жүгінулерін есепке алу бойынша құжаттарды «Арнайы есепке алу» ААЖ-да ықпалдастыруға кірісті.Соның нәтижесінде 11 айда прокуратура органдары азаматтар мен заңды тұлғалардың 210 мыңнан аса жүгінулерін қараған. Оларды қарау нәтижесінде 283 ұйғарым орындалып, 626 наразылық қанағаттандырылды, 1476 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар қаралды, жалпы сомасы 51 480 млн. теңгені құрайтын 31 азаматтық талап арыз қанағаттандырылған. 1690 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. 

Осылайша, азаматтық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бүгінгі күні құқыққорғау органдарының жұмысында маңызды тірегі болып отыр және ең алдымен ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар қызметке қол жеткізуіне, құқыққорғау жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған.

Бас прокуратураның

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.