Құқықтық мемлекет қағидаттарында

13 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқықтық мемлекет қағидаттарында  - 1402132201

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі  бойынша стратегиялық мақсаты басқа факторлармен қатар, қылмыстық саясатты жетілдіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету жүйесін жаңғырту, сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру және  адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту жөніндегі  кешенді міндеттерді шешуді талап етеді. Аталған жұмыс Бас прокуратураның белсенді араласуымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты «Казахстанская правда»  ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа заң үстемдігін нығайту және құқық қорғау тетіктерін бұдан әрі дамыту перспективалары туралы айтып беруді өтінді.

– Мемлекет  басшысы ағымдағы жылғы халыққа Жолдауында  құқық қорғау органдарының алдына азаматтардың құқықтарына кепілдікті одан әрі нығайту, заң үстемдігін және қылмыстық заңды ізгілендіру жөнінде міндет қойды. Қайрат Пернешұлы, осы бағытта нақты орындалған жұмыс жайында білгіміз келеді.

– Қазақстанда қылмыстық-құқықтық саланы жаңғырту процесі белсенді түрде өткізілуде. Аталған жұмыс кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жүргізілуде. Жаңа тәсілдер қылмыстық процестің  әсіре қатаңдығын төмендетуге мүмкіндік берді, қылмыстық процеске тартылған азаматтар құқығының кепілдігін күшейтті. Оқырмандардың толық түсінігі үшін, мен аздаған ретроспективамен толықтырғым келеді.

            Қазақстан одақтан қалған тым қатал сот төрелігіне ие болды. 90-шы жылдары түрмедегілер санына қарасақ Ресей мен АҚШ-тан кейінгі әлемдегі үшінші позицияға ие болған. Сондықтан бұл проблеманы шешу қажет болды. Осындай жағдай артық криминалдылыққа  және тіпті еліміздегі халықтың едәуір бөлігінің маргиналдануына алып келетін болды.

Мемлекет басшысының саяси көзқарасының арқасында елімізде «Лагерьлер елі» мәртебесінен құтылуға мүмкіндік берген, өте маңызды құқықтық, экономикалық және құрылымдық реформалар жүргізілді. ЕЫДҰ қатысушы елдердің тәжірибесі бойынша 2015 жылы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері толығымен жаңартылды. Тергеу судьясы институтын енгізу есебінен  сот бақылауы күшейтілді. Адамның құқығы мен бостандығына қатысты тергеушілердің іс-қимылына қазіргі уақытта тергеу судьясы санкция береді, бұрын ол прокурорлардың өкілеті болатын.

Қылмыстық қудалау органдарының татуласуға байланысты жауапкершіліктен босату құқығы қазіргі уақытта міндетіне айналды.

Жазалардың баламалы түрлерін қолдану аясы кеңейді. Мерзімінен бұрын босату практикасы өзгерді, егер сотталған белгілі бір мерзім отырғаннан кейін, залалдың орнын толтырса және түрмеде тәртіп бұзбаса сот оны босатады. Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту үшін маңызды түзетулер Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2017 жылғы 21 желтоқсандағы заңмен енгізілді.

Оның ерекшелігі:  қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру, адвокаттардың өкілетін кеңейту, қамаққа алу негіздерін, күдіктілерді ұстау мерзімдерін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту, оның ішінде кәмелетке толмағандарды 27 сағатқа дейін ғана ұстау, экономикалық қылмыстар бойынша  қамаққа алуды шектеу.

Бұл өте маңызды, себебі қылмыстық іс шеңберінде адамға қысым көрсету мүмкіндіктерін азайтады.

Бұрын прокуратура беретін барлық процессуалдық санкциялар тергеу судьясына түпкілікті берілді, бұл 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес келеді. Кылмыстық істерді электрондық түрде тергеп-тексеру енгізілді. Аталған формат дәлелдерді бұрмалауды және әртүрлі заң бұзушылықтарын азайтады. Бүгінгі таңда 4 мың электрондық  іс қозғалған. 2,5 мың іс бойынша  тергеп-тексеру аяқталған, сотқа 1,8 мың іс жіберілген. Сотта 1,3 мың іс қаралды.

Бұл шаралардың барлығы қылмыстық процесте  азаматтардың құқықтарының кепілін күшейтуге оң әсер етті. Осылайша, ұсталғандарды азаптау  және қатыгез іс-әрекеттер  тәуекелі айтарлықтай төмендеді. Ұсталғандардың 83% 48 сағаттан аспайтын мерзімге қамалады. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қылмыстық істер бойынша қамаққа алынғандар саны 1500 адамға қысқарды.

Бұл жұмыс жалғасуда. Жуырда Мемлекет басшысы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің әсіре қатаңдығын төмендетуге бағытталған жаңа заңға қол қойды.  Оның тұжырымдамасына сәйкес оқшаулауға қоғам үшін нақты қауіптілер жатады. Басқаларына, күш қолданбай қылмыс жасағандарға оқшаулауға байланысты емес жаза қолданылады.
            Заңның ерекшелігі жазалаудың баламалы шараларын қолдану аясын  кеңейту болып табылады. Қылмыс құрамының 258 бойынша балама ретінде қоғамдық жұмыстар енгізілуде. Бостандықты шектеу – жеке меншікке, экономикаға және лауазымдық қылмысқа  қарсы 11 ауыр қылмыстар бойынша. Айыппұлдар төмендейді және оны төлеу мерзімдері 6 айдан 3 жылға дейін ұлғаяды. Қамаққа алу мерзімдері мен негіздері, сондай-ақ  қылмыс құрамының 36 бойынша бостандықтан айырудың жоғары шегі  қысқартылады.

Біздің елде жүргізіліп жатқан реформаларға европа институтының сарапшылары оң баға беруде. Ағымдағы жылғы мамырда  Европа парламентінің депутаттары  Қазақстанға сапары барысында да оң пікір қалдырды. Осындай қайта құрулардың арқасында елдегі қамаққа алынғандар саны 27 жылда 66 мыңға қысқарды. 8 колония жабылды, оларға қызмет көрсетуге жыл сайын 12 миллиард теңге жұмсалған.

Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 33800 адам бар. Түрме индексінде Сингапур, Израиль және Литва, Латвия, Эстония, Чехия, Польша және  Словакия сияқты Евроодақ елдерінен оза отырып, Қазақстан 82-орында.
 

Шын мәнінде, нәтижелері айтарлықтай. Бірақ ізгілендіруге қатысты дау көп. Бұл елдегі криминогендік ахуалдың нашарлауына алып келмей ме

– Мен осындай сұрақты күткен едім. Жоқ ізгілендіру криминогендік ахуалды нашарлатқан жоқ және нашарлатпайды да. Өздеріңіз ойлаңыздаршы. Жыл сайын қылмыскерлік, оның ішінде рецидивтік 7-10 % төмендейді. Бұның құпиясы, ізгілендірудің қауіпті қылмыскерлерге қатысы жоқ. Педофилдерге, кісі өлтірушілерге, экстремистерге, террористерге және қарақшыларға  жазаны төмендетпейміз. Оларға қатысты амнистия қолданылмайды. Татуласуға, өкініш білдіруге, ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты жауапкершіліктен босатылмайды. Сонымен қатар экстремистер және террористердің қылмысы  адамдардың өліміне алып келсе, сондай-ақ  педофилдер мерзімінен бұрын босатуға жатпайды. Ал соңғылары химиялық кастрациялауға жатады.

Өздеріңіз көріп отырғандай барынша қауіпті қылмыскерлерге ізгілендіру қолданылмайды. Басқа жағынан, ізгілендірудің  өз мультипликативтік әсері бар. Ол қоғамды сауықтырады. Қылмыстың қайталануы түрмедегі  субмәдениеттің адамдарға ықпалы есебінен болады. Олар сол жерден масыл болып шығады және қоғамға бейімделе алмайды.  Қателік жасаған отандастарымызды қоғамға қайтаруға – кері әлеуметтендіруге тырысамыз.  Бұл үшін  2017 жылдың  басынан бастап пробацияның 4 түрі енгізілді. Сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық, пенитенциарлықтан кейінгі.  

Яғни халықтың осындай санатына мемлекет бірінші күннен бастап әлеуметтік көмек көрсетеді. Оларға білім береді, жұмысқа орналастырады, тұрғын үй табуға көмектеседі, жеке құжаттарын тәртіпке келтіреді, психологиялық және медициналық қызмет көрсетеді. Егер олар тұжырым жасамаса және оларға қойылған шектеулерді бұзса, сот ол жазаны қатаң жазаға ауыстыра алады. Айтпақшы, соңғы заңда мерзімінен бұрын босатылғандардың жауапкершілігі күшейтілді.

Оған қоса, егер олар спирттік ішімдіктер немесе есірткі қолданса  олардың бостандығынан айырылу тәуекелі бар.

            Ізгілендірудің сыртқы саяси пайдасын да атап өтпеуге болмайды. Біздің елдегі қамалғандарды ұстаудың ізгі шарттарын көре отырып, дамыған елдер қамалғандарды өзара ауыстыру туралы шартқа қол қоюға ықылас білдіреді. Осылайша біз отанымызға шетел мемлекеттерінің түрмесіндегі өз азаматтарымызды қайтара аламыз немесе шетелде жасырынып жүргендерді жауапқа тартуға мүмкіндік бар.

– Қамалғандарды ұстау туралы әңгіме қозғағаннан кейін пенитенциарлық мекемелердегі ахуал қандай, осы жайлы айтып бересіз бе? 

– Бұл жауыр болған проблема. Пенитенциарлық мекемелердің негізгі қоры моральдық жағынан 90% ескірген. XVIII ғасырда салынған колониялар бар. Иә, қылмыскерлер қатаң жазалануы тиіс. Ол үшін оларды дүниедегі ең қымбат –  бостандығынан айырады. Бірақ оларды ұстау жағдайы қосымша жазалау болмауы тиіс. Ұстау жағдайы адамның жеке басын кемсітпеуі тиіс . Бұл БҰҰ Конвенциясының Қазақстан ратификациялаған, азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершіліксіз немесе жеке басын кемсітетін қарау мен жазалауға қарсы талаптарынан шығады.  Ағымдағы жылы бұл проблемаларды шешу үшін аз күш салған жоқпыз.
          Ағымдағы жылы осы проблемаларды шешу үшін біраз күш-жігер жұмсадық. Ағымдағы жылғы сәуір айында Қауіпсіздік кеңесі мен мүделлі органдардың қатысуымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында осы проблемалар қаралды. Пенитенциарлық жүйені жаңғырту және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарымыз Мемлекет басшысының және Қауіпсіздік кеңесінің тарапынан қолдау тапты. Үкімет «Даму жол картасын» әзірлеуді аяқтауда. 

Бірінші кезекте колонияларды камерада  ұстау түріне көшіру бойынша іс-шаралар жоспарланып отыр. Қазіргі колониялардың тұрғын блоктарын кезең-кезеңімен реконструкциялаумен халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру болжануда. Бұдан басқа сотталғандардың жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу үшін жағдай жасалады. Жазаны орындауды цифрландыру жөніндегі шаралар жоспарлануда, бұл сол процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
 

Қайрат Пернешұлы, қатыгездікпен қарау тақырыбын қозғадыңыз. Біз, журналистер заңды қорғайтындар тарапынан азаптау және теріс пайдалану жағдайлары бар екенін білеміз. Осы бөлікте қандай шаралар қабылданды?

– Иә, өкінішке қарай, іс жүзінде мұндай жағдайлар орын алады. Сол себеппен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, осы бағытта үдемелі жұмыс жүргізілуде.
 

Біріншіден, азаптаулар үшін жауапкершілікті күшейтіп отырмыз және көбінесе жәбірлеушіге кіріптар жағдайда болатын азаптау құрбанын қорғауға кепілдік беруді арттырудамыз. Тергеу барысында оларға қысым көрсетілмеу үшін жоғарыда аталып өткен жаңа заңмен Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. Енді азаптаулар бойынша жәбірленушімен татуласуға не  шын өкiнуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға тыйым салынады.   

Ағымдағы жылғы қаңтарда «Жәбірленушіге өтемақы қоры туралы» Заң қабылданды. Енді мемлекет азаптаулар құрбанына ақшалай өтемақы төлейді. Заң 1 шілдеден бастап күшіне енді. Айта кетелік, өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, денсаулығына ауыр зиян келтірілген адамдарға және қайтыс болғандардың туыстарына тағайындалады.

Екіншіден, еуропалық сарапшылардың қатысуымен азаптаулардың алдын алу және жәбірленушілерді қорғау бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда. Елімізде бейнефиксациясы бар тергеуге арналған мөлдір шыныдан жасалған 500-ден астам кабинет ашылды. Полицияға жеткізілген адамдардың электрондық есебі енгізілді. Бұл қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдардың 10% және азаматтарды құқық қорғау органдарының ғимараттарына негізсіз жеткізу сандарын 2 есеге  қысқартуға мүмкіндік берді.  Стамбұл хаттамасының негізінде Құқық қорғау органдары академиясы азаптауларға қатысты тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін әзірледі. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

– Біз бір тақырыптан екінші тақырыпқа біртіндеп ауысып бара жатқандаймыз. Сіз цифрландыру тақырыбына бірнеше рет тоқталып өттіңіз.  Прокуратура бұл тақырыппен неге айналысатыны және бұл жерде ол қандай мақсатты көздеп отырғаны қызықтырып отыр. 

– Шын мәнінде, бір қарағанда қадағалау органы цифрландырумен айналысатыны сұрақ туғызатыны сөзсіз. Бірақ бұл қажеттілік. 1997 жылдан бастап прокуратурада қылмыстық қудалау органдарының, прокуратура мен соттың қызметіне байланысты кең ауқымды цифрлық деректер шоғырландырылған. Ол автоматтандырылған. Мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер мен талдамалық құралдар бар. Прокуратура органдарының осы аталған бастапқы позицияларын ескере отырып, Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін цифрлық форматтағы жаңа деңгейге ауыстыруда тапсырды.

Цифрландырудың негізгі артықшылығы – бұл автоматтандырылатын процестердің ашықтығын қамтамасыз ету. Ал ашықтық бар жерде тәртіп те бар. Біздің мақсат осы болып табылады. Біз процесс жұмыстарын цифрландыру арқылы сот ісін жүргізу, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз еткіміз келеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 5 жобаны іске асырудамыз. Қылмыстық және әкімшілік  процестер, бизнес субъектілерін тексеру және азаматтардың өтініштерін қарау салалары автоматтандырылуда. Осының барлығы сенімді құқықтық ортаны қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін  мүлтіксіз қорғауға бағытталған. 

Атап айтқанда, қылмыстық процесті цифрландыру қылмыстық істерді тиімді қадағалауға және ведомстволық бақылауды онлайн-режимде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Процеске қатысушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Әкімшілік процесті жүргізудің электрондық форматы органдардың заңсыз шешім шығаруына жол бермейді, қателіктерді қысқартады және осының нәтижесінде процеске қатысушылардың шағымдарын азайтады. Шағын және орта бизнес  субъектілерін тексерулерді бақылау жүйесі бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз
іс-әрекеттерді болдырмайды және бизнесмендерді қорғауды күшейтеді. Тексерулер кестелері электрондық форматта жасалатын болады. «Е-өтініштер» жүйесі мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарауын бақылауды қамтамасыз етеді, олардың қызметін сапалы бағалауға мүмкіндік береді.   

Талдамалық орталық елдегі қылмыстың жай-күйін жаһандық бағалаудың және оның алдын алудың құралы болып табылады. Бұл жүйені прокурорлар ғана емес, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар өңірдегі ахуалды жақсарту жөніндегі басымдықтарды дұрыс белгілеу үшін қолдана алады. 

– Жуырда Бас прокуратурада бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті. Қандай нәтижелер бар? 

– Прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау бойынша пәрменді шаралар қолданып отыр деп есептеймін. Қоғамдық мүдделер саласында жыл басынан бері прокурорлар 3 миллион азаматтың құқықтарын қорғады. Біздің актілер бойынша елдің 6 өңірінде коммуналдық қызметтер тарифі төмендеді. 2 миллион тұтынушыға 7 миллиард теңге өтелді.

Мысалы, Алматы және Алматы облысында 800 мың тұтынушы үшін электр энергиясы тарифі 16,9 теңгеден 16,3 теңгеге дейін төмендеді. Оңтүстік мегаполистің 6,5 мың тұрғыны үшін сумен жабдықтау бағасы 152-ден 55 теңгеге дейін төмендеді. Қостанайда және Рудныйда 10 мың бағбан үшін электр тарифі 24-тен 19 теңгеге дейін төмендеді. Қазір артық төленген 20 миллион теңгені қайтару үшін шаралар қабылдаудамыз.

Еңбек жағдайы зиян және қауіпті кәсіпорындарда 27 мыңнан астам еңбек заңнамасын, өнеркәсіп, санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы қауіпсіздік нормаларын бұзушылық анықталды.
430 миллион теңге сомаға жалақы бойынша борыштар өтелді. Азаматтық істерге қатысу барысында 15,6 миллиард теңгеге мемлекет мүддесі қорғалды. Мысалы, менің наразылығым бойынша OLIMPKZ букмекерлік конторын 2 миллиард теңгеге ойын бизнесі салығын төлеуден босату туралы заңсыз сот актісінің күші жойылды. Бүгінгі күні салық төленді.   

Сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалау саласында қадағалау қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтарын қорғауға шоғырланады. Прокурорлар құқық қорғау органдарының қызметтік кабинеттерінен және уақытша ұстау изоляторларынан 423 азаматты босатты. Бұл өткен жылға қарағанда 3,5 есе көп. Биылғы жылғы ақпанда Қылмыстық процестің реп­рессивтілігін төмендету мәселелері жөніндегі құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Осының арқасында баламалы бұлтартпау шаралары көбірек қолданылуда.   Ешқайда кетпеу туралы қолхаттар саны 7 есеге, үйқамаққа алу туралы қолхаттар саны 2 есеге ұлғайды. Күшіне енген қаулылардың заңдылығын қадағалау желісі бойынша 2 700 шағымды қарадық. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Олар бойынша 1,2 мың қылмыстық іс қаралды.   

Нәтижесінде Жоғарғы сот менің наразылығым бойынша 269 үкімді өзгертті, 12 адамды ақтады, оның ішінде 3-і колонияларда 1-ден 7 жылға дейін өткізді. 223 сотталғанға жаза жұмсартылды.
          Айта кетерлігі, бұл жерде цифрландыру тақырыбына қайта оралуға мәжбүрмін. Біздің  қызметкерлер бюджеттен қандай да бір шығыстарсыз осыған ұқсас «Заңдылық» талдамалық жүйесін әзірледі. Оны әзірлеуге Жоғарғы сот белсене қатысты.   

           Бұл жүйенің бірегейлігі - ол Қылмыстық кодекстің барлық нормаларын тани біледі және ол бойынша үкімдердің заңдылығын автоматты түрде тексереді. Бір жарым жылдың ішінде жүйе 700 астам негізсіз үкімді анықтауға көмектесті. Сот ол бойынша біздің наразылығымызды қанағаттандырды. Бұл цифрлар жалпы алғанда алдыңғы 10 жылға сәйкес келеді. Алқа отырысының қорытындылары бойынша біз проблемалы салаларды айқындадық, ол бойынша алдағы уақытта жұмыс істейтін боламыз. Прокурорларға бірқатар тапсырма берілді.

– Қайрат Пернешұлы, құқық қорғау саласын дамытудың одан арғы перспективалары қандай? 

– Бүгінде Қазақстан әлемдік рейтингтерде құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша оң серпін көрсетіп отыр. Халықаралық құқық үстемдігі индексіне сәйкес біздің ел 113-тен 64-орынға ие болды. 2016 жылмен салыстырғанда позициямызды 9 тармаққа жақсарттық. Алайда, болып жатқан біршама оң өзгерістерге қарамастан, әлі біршама жетіле түсуіміз қажет. Қылмыстық процесте әлі де айыптау жағы басым. Сондықтан қылмыстық-құқықтық саланы одан әрі жаңғырту және адам құқықтары мен жеке меншікті қорғау тектіктерін жақсарту Елді дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында көзделген.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалылық қағидатын нығайтуды жалғастырамыз.                        Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық құқық үстемдігі индексіне сәйкес елдердің алғашқы ондығына кіретін ЭЫДҰ елдерінің, оның ішінде Германияның озық тәжірибесін зерделеудеміз. Осы және басқа да стратегиялық міндеттерді іске асыру Қазақстанда ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын құқықтық мемлекет қағидаттарын бекітуді қамтамасыз етеді.    

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу