You are here

Құқықтанушы ғалымдар арасында өткен байқау жеңімпаздарын марапаттау туралы баспасөз ақпараты (Астана, 23 желтоқсан 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін «Жоғары оқу орындарына арналған құқық қорғау саласындағы үздік басылым» атты І Халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Байқауды Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – құқық қорғау саласындағы отандық және шетелдік авторлардың басылымдарына қызығушылықты ояту, мәдени ынтымақтастық пен ғылыми байланыстарды нығайту.

Жиында Академия ректоры Ұлан Байжанов пен Кітапхана директорының орынбасары Тимур Шаймергенов сөз сөйледі. Ұ.Байжанов атап өткендей, іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігі мен прокуратура органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған. Ұйымдастыру комитеті Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келіп түскен 300-ге жуық оқулық және ғылыми басылымдарды қарап, бағалады. Нәтижесінде 11 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Осылайша «Құқық бұзушылықтарды болжау және олардың алдын алу саласындағы үздік басылым», «Прокурорлық қадағалау мен заңдылықты сақтау саласындағы үздік басылым» номинацияларында Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Академиясының ғалымдар тобы әзірлеген оқулықтар жеңімпаз ретінде танылды.

Қылмыстық саясат саласындағы үздік басылым болып Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті өкілдерінің оқулығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы зерттеушілер тобының кітабы «Құқық қорғау органдарының өзара әрекет етуі саласындағы үздік басылым» номинациясында жеңіске жетті.

Қылмыстардың жеке түрлеріне қарсы күрес бойынша Ресейдегі И.Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті өкілдерінің монографиясы үздік баслылым болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, оқу орындарының, отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеушілер тобының кітабы «Пенитенциарлық саладағы үздік басылым» номинациясында марапатталды.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үздік басылым» және «Нашақорлық пен есірткі бизнесін жою бойынша үздік басылым» номинацияларында Ресей ІІМ Қазан заң университетінің авторлар ұжымының оқу құралы аталды.

«Қазақ мемелекеттік заң университеті» зеттеушілер тобының ғылыми-тәжірибелік оқу құралы Мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бойынша үздік басылымы үшін марапатталды.

Өз кезегінде қылмыстық процесс, криминалистика және жедел іздестіру проблемаларына арналған үздік басылым болған Тәжікстан Респуликасы Ішкі істер министрлігі зерттеушілерінің монографиясы, ал Ресей Федерациясы Иванов облысының Төрелік соты өкілдерінің оқу құралы әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы үздік басылым болып танылды.

Сонымен қатар Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңеске мүше жоғарғы оқу орындары арасындағы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жыл сайынғы байқаудың қорытындылары жария етілді. Бұл байқау профессорлық-оқыту құрамын моральдық ынталандыру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік оқу жүйесін жетілдіру және авторларды қажетті оқу құралдарын даярлауға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. «Үздік оқулық», «Үздік монография», «Үздік доцент», «Үздік оқытушы» және «Үздік жас ғалым» номинацияларындағы жеңімпаздар марапатталды. 

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.