You are here

Құқық қорғау жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 13 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы Құқық қорғау жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеуде. Бағдарлама жобасы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған.

Тапсырманы жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмысты кеңінен жариялау, осы жұмысқа ғалымдарды, Парламент депутаттарын, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерін, қоғам қайраткерлерін тарту мақсатында Бас прокуратурада Бағдарлама жобасын талқылау бойынша Дөңгелек үстел болып өтті.

Жиналыс жұмысына Президенттің көмекшісі–Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров, Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, құқық қорғау және арнайы органдардың, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, күш құрылымдарының ардагерлері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, бүгінгі таңда жүйені түбегейлі реформалау, құқық қорғау органдарының жұмыс нысандары мен әдістерін, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Осыған орай, стратегиялық құжат қоғамдық қауіпсіздіктің және ішкі саяси тұрақтылықтың тиімді жүйесін құруға, оның құқық қорғаушылық функциясын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық және заңнамалық шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді көздейді.

Отырыс барысында құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері, реформалаудың негізгі бағыттары туралы  талқылаулар, пікір және ұсыныс алмасулар болды. Жиналысқа қатысушылар жауапкершілігі мол үлкен жұмыстың алда тұрғанын, оның басты мақсаты – еліміздегі тиісті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, тұлғаны, қоғамды және мемлекетті тиімді қорғау, құқық қорғау жүйесіне халықтың сенім деңгейін арттыру болып табылатынын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.