Құқық қорғау стандарттарын нығайту мәселелері бойынша Криминологиялық форум өтті

14 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында  Криминологиялық форум ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін форумда бүгін қылмыстық қудалау саласындағы құқық қорғау стандарттарын енгізу және нығайту мәселелері талқыланды.

Оның жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтың, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу қатысушылары атап өткендей, азамат құқықтарының қылмыстық процесте сақталуы құқық қорғау жүйесінің қызметін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Өйткені әр заңсыз қамауға алудың артында адам тағдыры мен оның отбасы тұр.

Соңғы жылдары елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша пәрменді заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды, азаптаулардың алдын алу бойынша құқықтық механизмдер әзірленді.

Мәселен, биылғы жыл басынан қамауға алуға қатысты оң өзгерістер күшіне енді. Адам құқықтарының қорғалуын күшейту үшін қамауға алу мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, кәмелетке толмағандар үшін – 24 сағатқа дейін қысқартылды. Адамдарды  72 сағатқа қамауға алу мерзімі тек күрделі істерге қатысты ғана сақталған. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық мемлекеттерінің стандарты.

Осы және өзге де шаралар қамауға алынған азаматтардың санын үштен біріне азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, а.ж. 8 айында 7 237 тұлға қамауға алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,8% аз.

Талқылау барысында құқық қорғау стандарттарын нығайту, ұлттық заңнаманың халықаралық құқықтық принциптерге сәйкестігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекске оның құқық қорғау әлеуетін нығайтуға бағытталған түзетулер жобасы бойынша пікіралмасу болды.                  

Жиын нәтижесі бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу