You are here

Құқық қорғау органдарының келешек басшыларының біліктілігін арттырудың алғашқы курстарының ашылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін кәсіби деңгейді арттырудың алғашқы курстарының ашылу салтанаты өтті.     

Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басшы лауазымға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару құзыретін жетілдіру.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель іс-шараны аша отырып, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру жолында жаңа тұрпаттағы басшыларды – көшбасшылар мен қазіргі менеджерлерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті.       

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов қатысушыларды курс бағдарламасының ерекшелігімен таныстыра келіп, барлық тыңдаушыларды белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.        

Оқыту ұжымды тиімді басқарудың кәсіби дағдыларын (HR-менеджмент), сондай-ақ коммуникативті қасиеттерді дамыту мен жетілдіруге бағытталған. 

Курстардың тақырыбы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашу мен тергеудегі заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың стратегиялық мәселелерін қамтиды.

Іс-шараға дәріс оқушы ретінде жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшы құрамының өкілдері қатысатын болады.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Президенттің тапсырмасымен құрылды. Оның құрамында үш институт бар: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, Кәсіби білім деңгейін арттыру институты және Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты.          

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.