You are here

Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелдің отырысы туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ (Астана қаласы, 2013 жылғы 4-5 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімімен бірлесе отырып Бас прокуратурамен ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» өз жұмысын бастады.

Оның жұмысына Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Шпекбаев Алик, Заңдылық, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің және құқық қорғау органдарының Қоғамдың кеңестерінің мүшелері, Парламент депутаттары,  орталық мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғалары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, күштеу органдарының ардагерлері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында белгіленген құқық қорғау жүйесін жаңарту жөніндегі алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру үшін, бірінші кезекте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды сәтті қамтамасыз етуге дайын және қабілетті кадрлар қажет. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда кадр жұмысын ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарастыру қажет,  кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың жаңа жүйесін құру, олардың қызметін бағалаудың озық критерийлерін ендіру қажеттігі өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан, құқық қорғау жүйесін жаңарту кезеңдерінің бірі бола тұра, Кадр саясатының тұжырымдамасын әзірлеу, шын мәнінде жаңарту процесінің барлығын сәтімен іске асыру үшін негіз болып табылады. 

Іс-шараның барысында мүдделі ұсыныстар мен тілектер айтылды, Тұжырымдаманың негізгі бағыттары, оны жүзеге асыру тетіктері бойынша белсенді пікіралмасу болып өтті.

Дөңгелек үстелдің қатысушысы болған Ресей Федерациясы Жалғандық детекциясы Ұлттық мектебінің өкілі А. Сошников полиграфты қолдануға байланысты Қазақстан құқық қорғау органдарының кадр қызметтеріне арналған оқу семинарын өткізді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын аяқтай отырып, А. Дауылбаев өз сөзінде құқықтық тәртіп органдарының қызметін одан әрі жетілдіру, құқық қорғау органдарына жұртышылықтың сенім деңгейін арттыру тұрғысында бұл жерде айтылған әңгімелердің маңызы зор екенін және айтулы оқиға болып табылатынын атап өтті.

Талқылау кезінде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер Бас прокуратурамен Тұжырымдаманың жобасын пысықтау кезінде ескерілетін болады.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.