You are here

Құқық қорғау органдарының баспасөз хатшыларына арналған семинар туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана, 2016 жылғы 14 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен өзара тиімді іс-қимылы» тақырыбындағы 4 күндік курстың ашылуы өтті. Семинарды Құқық қорғау органдарының академиясы ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараны аша отырып, Құқық қорғау органдары академиясының Институт директоры Нұрлан Дәниев атап өткендей, бүгінгі таңда халықтың сенім деңгейін арттыру еліміздің құқық қорғау жүйесі үшін маңызды міндет болып табылады. Осы тұрғыда БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен тиімді іс-қимыл құру маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисі өкілдеріне және сарапшыларына алғыс білдіріп, тыңдаушыларды курстың ерекшелігімен таныстырды, сондай-ақ барлығына белсенді және нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.

ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо өз сөзінде оқыту семинарының маңыздылығын және өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайдың талабына сай екенін атап өтті.

Тренингте қатысушылар БАҚ-пен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, қазіргі заманғы коммуникациялар технологиясы мен құқықтық ақпаратты ұсыну ерекшеліктерін үйренетін болады.  Әртүрлі жағдайлардағы сұхбаттасу алаңдарында жұмыс істеу дағдылары практикалық сабақтарда бекіте отырып жетілдірілетін болады.

Кәсіби спикерлердің дағдыларына прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік кірістер қызметтерінің баспасөз қызметкерлері оқытылады. Тренер ретінде қоғаммен байланыс саласындағы білікті сарапшылар тартылған.

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

 

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.