Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеу жүргізу ережесінің бекітілгені туралы баспасөз ақпараты

11 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеу жүргізудің ережесі бекітілді.

Ереже құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтарды (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін), сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттау кезінде және қажет болған жағдайда қызметтік тексеру жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеуден өткізудің тәртібін белгілейді.

Сонымен қатар, Ережеде полиграфологиялық зерттеудің басты мақсаттары мен міндеттері, оны жүргізудің тәртібі мен шарттары белгіленген.

Сонымен бірге зерттеудің нәтижесі бойынша полиграфологтың тиісті қорытынды шығару тәртібі, ол қорытындының сипаты және пайдалану тәртібі, зерттеудің материалдарын сақтау мерзімдері регламенттеледі.

Ереже алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу