You are here

Құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері жөніндегі интернет-сайттың іске қосылғаны туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Мемлекет басшысы жариялаған бес институционалдық реформаларды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Қадағалау органы мемлекеттік басқару, сот төрелігі, сондай-ақ заң үстемдігі қағидасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын әзірледі және оларды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Атап айтқанда, алқабилер институтын жетілдіру, тергеу әрекеттеріне санкция беру жөніндегі прокуратураның функцияларын біртіндеп тергеу судьяларына беру, азаматтық-құқықтық даулардың жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың сотқа қатысуын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сонымен қатар, Бас Прокурор атап өткендей, көзделген мақсаттарды тиімді жүзеге асыру қалың жұртшылықтың қатысуынсыз және олардың қолдауынсыз мүмкін емес. Көп жағдайда түпкі нәтиже реформалардың негізіне алынған идеяларды халықтың қалай қабылдағанынан және оларды қолдағанынан тәуелді болады. Сондықтан біздің азаматтардың осы жұмысқа белсенді қатысқандары маңызды болып табылады.

Бүгін «Құқық қорғау органдарын реформалау» атты интернет-сайт іске қосылды (www.rpo.kz), онда кез-келген азамат құқық қорғау жүйесін реформалау және заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады.

Интернет-платформаны құрудың басты мақсаты – халықты құқық қорғау органдарын жаңғырту жөніндегі жұмысқа тарту, құқықтық жүйені сапалы жаңарту мәселелеріне  бей-жай қарамайтын азаматтардың барлығымен сындарлы сұхбат жасау болып табылады

Сайтты пайдаланушыларға тиімді болуы үшін форумда үш бөлім қарастырлған. Біріншісі азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын жинау үшін құрылған. Екінші бөлімде азаматтар Ұлт жоспарының орындалуына бағытталған ұлттық заңнаманы реформалау бойынша ұсыныстарын қалдыра алады. Үшінші бөлімде халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибені ескере отырып құқық қорғау органдарының реформасын жүргізу бойынша ұсыныстар жинақталып, талқыланады. Сайтта жұмыс істеу тәртібі сәйкес нұсқаулықта мұқият көрсетілген, осыны басшылыққа ала отырып тақырып ашуға болады немесе бұрын жасалған тақырыптарға пікір қалдыруға болады.

Бас прокуратура барлық қазақстандықтарды жалпыұлттық жоспарды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға, құқық қорғау жүйесін жаңғырту туралы пікір білдіруге және шаралар ұсынуға шақырады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.