You are here

Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылуы туралы (Астана қ., 2016 жылғы 31 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін кезекті кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылу салтанаты өтті.

Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басшы лауазымға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару құзыретін жетілдіру.

Іс-шараны ашқан Академия ректоры Ұлан Байжанов аталған курстардың резервистерді келешек жауапты жұмысқа даярлаудағы маңыздылығы мен практикалық пайдасын атап өтті.

Оқыту күнделікті және дағдарыстық жағдайда (наразылық акциялары) ұжымды тиімді басқарудың кәсіби дағдыларын (HR-менеджмент) дамыту мен жетілдіруге бағытталған.

Курстардың тақырыбы бүкіл ел үшін стратегиялық және өзекті ұлттық қауіпсіздік, терроризм мен экстремизге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашудағы заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану тәрізді мәселелерді де қамтиды.

Қатысушыларды курс бағдарламасының ерекшелігімен таныстыра келіп Академия ректоры барлық тыңдаушыларды белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.

Іс-шараға дәріс оқушы ретінде жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшы құрамының өкілдері қатысатын болады.

Бас прокуратура жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.