You are here

Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін даярлау курстарының алғашқы ағымының аяқталуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін даярлау курсының алғашқы ағымының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель іс-шараны ашып, оқыту курстарының маңыздылығын, басшылық қызметке тағайындалу кезінде курстан өту міндетті шарт болып табылатынын атап көрсетті.

Академия ректоры Ұлан Байжанов баяндамасында оқыту нәтижесіне және оқу процесінің ерекшелігіне тоқталды.

Президенттік резерв Мемлекет басшысының жаңа формациядағы басшылықты – көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді құру бойынша алға қойған міндеттерін орындауда іске асырылатын ерекше мемлекеттік жоба болып табылады. Оқытудың басты мақсаты – басқару құзіретін және ұжымға тиімді басшылық жасаудың кәсіби дағдыларын жетілдіру, болашақ басшыларға қажетті қарым–қатынас қасиеттерін дамытуға негізделеді.

Оқытудың алғашқы ағымынан Президенттік резервте тұрған облыс прокурорларының орынбасарлары, ішкі істер органдарының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшылары өтті.

Дәріс берушілер ретінде белгілі ғалымдар мен практиктер, отандық және халықаралық сарапшылар, сонымен қатар Президент әкімшілігі қызметкерлері, Бас прокуратура және Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің басшылары қатысты.

Тыңдаушылар курсты аяқтау туралы сертификат алды және олардың ішінде үздіктері, оның ішінде дәріс берушілер жеке номинациялар бойынша ынталандырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.