You are here

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ректор Ұлан Байжановтың басшылығымен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске құқық қорғау органдарының, жоғары оқу орындарының, ведомстволық білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырыста криминалистикалық полигон жағдайында практикалық сабақтарды өткізудің жаңа әдістемелері, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, құқық қорғау органдары үшін заң кадрларын дайындаудың жаңа моделі мәселелері қарастырылды.

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекітілді, сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер шешілді.

Сонымен қатар, «Үздік оқулық», «Үздік монография», «Үздік доцент», «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «Үздік оқытушы», «Үздік жас ғалым» номинациялары бойынша жоғары оқу орындары арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды. Оқу-әдістемелік бірлестігіне мүше жоғары оқу орындары арасындағы жыл сайынғы байқау профессорлық-оқытушылық құрамды моральдік ынталандыру, оқытудың оқу-әдістемелік жүйесін жетілдіру және авторларды қажетті оқу әдебиетін дайындауға ынталандыру мақсатында өткізілетіні аталып өтілді.

Отырыс жұмысын қорытындылаған Ұ.Байжанов қаралған мәселелерді сындарлы және жемісті талқылағандары үшін қатысушыларға ризашылығын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастық тіледі.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.