You are here

Куәгерлер мен жәбірленушілердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша криминологиялық форум отырысы туралы (Астана, 2017 жылғы 3 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты криминологиялық форумның аясында куәгерлер мен жәбірленушілердің мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Форум Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Оның жұмысына Парламент депутаттары, Жоғарғы сот және орталық құқық қорғау органдары, ғылыми және адвокаттық қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.

Кездесуді Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель ашты.

Форумда аталып өтілгендей, азаматтардың, қылмыстан жапа шеккендердің құқықтық қорғалуын күшейту өзекті проблемалардың бірі болып қала бермек. Әрекет етуші заңнамалық тетіктерге қарамастан, іс жүзінде бұл талаптардың сақталуы көп жағдайда қамтамасыз етіліп отырған жоқ.

Көптеген жәбірленушілер қылмыс құрбаны ретінде уақтылы танылмайды. Кейбір кездері оларды іс бойынша жәбірленуші деп тану үшін өздерінің түрлі сатыларға жүгінулеріне тура келеді. Келтірілген залал барлық кезде өтеле бермейді. Сонымен қатар азаматтар ең жиі қасақана жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарынан зардап шегеді, олардың қылмыстылықтың жалпы құрылымындағы салмақ үлесі 70%-ға жуық.

Өздерінің құқықтары жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілуі себебінен көптеген азаматтар куәгер болудан бас тартады. Бұл ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оларға деген дөрекі қарым қатынасы мен кәсіби деңгейінің төмендігі болып жатады. Адамдар ұзаққа созылатын процеске қатысқысы келмейді, өздерінің қауіпсіздігін ойлайды.

Форум барысында қылмыстық процесте азаматтар құқықтарының кепілдігін күшейту мәселелері бойынша қызу пікір алмасу болды. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен жол картасының жобасы әзірленді. Онда жәбірленушілер мен куәгерлердің құқықтарын қорғау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және келтірілген залалды өтеудің тиімді тетігін құру бойынша құқықтық және практикалық шаралар қарастырылған.

Бас прокуратураның жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.