You are here

Кәсіпкерлікті заңсыз тексерулерден қорғау жөніндегі жүзеге асырылған шаралар туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2013 жылғы 7 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілерді және олардың құқықтарын жүзеге асырудағы заңсыз әрекеттерді азайту мақсатында олардың құқықтарын қорғау бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Осының оң нәтижелері ретінде соңғы 5 жылда мемлекеттік органдар өткізген тексерістердің саны жыл сайын орташа есеппен 12%-ға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері бойынша 16%-ға төмендеу тенденциясын атауға болады.

Тек а.ж. 7 айы ішінде тіркелген тексерулердің жалпы саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37%-ға төмендеп, 161 682-ні құрап отыр.

Солардың ішінде 101 983 тексеріс жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты, атап айтқанда 67 817 тексеріс – шағын, 25 046 – орта, 9 120 – ірі бизнес субъектілеріне қатысты болған.

Сол секілді өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  бизнес өкілдеріне қатысты өткізілген тексерістердің саны 25%-ға төмендеп отыр.

Тексерістердің жалпы санынан алғанда 82 159 немесе 51%-ы жоспардан тыс, 79 523 немесе 46% жоспарлы болған.

Жыл басынан бері еліміз бойынша тіркеу сатысында 1 869 негізсіз тағайындалған тексерудің жолы кесіліп, 690 заңсыз тексеру анықталды.

Тексерулерді тіркеуден бас тарту бұрынғысынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ауыл шаруашылығы, салық органдарында, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жер ресурстарын басқару мекемелері бойынша  көбірек байқалуда.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында (http://pravstat.prokuror.kz) кәсіпкерлер үшін «Бизнес тірегі» порталы жұмыс істеп тұр, ол бойынша кез-келген жедел байланыс құралдары арқылы тағайындалған тексерудің анықтығы мен негізділігін ғана емес, тексерушілер тарапынан болған заң бұзушылықтарды да дереу хабарлауға мүмкіншілік жасалған.

Осы жылдың өткен уақытында бұл порталдың мүмкіндіктерін 7 мынан астам кәсіпкер пайдаланып, тексерулердің тіркелгендігі жөнінде 2 мыңнан астам СМС-хабарлама келіп түскен.

Әртүрлі заң бұзушылықтар туралы 325 арыз түссе, олардың 61 пайызында ол фактілер расталып, олар бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылды.                               

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.