You are here

Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы қабылданған үшжақты Меморандум туралы БАҚ үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокуратурасы органдарының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау және осы үрдісті жалғастыру қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.    

Аталған бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Ақмола көлік прокуратурасы, Кәсіпкерлердің Астана қаласы бойынша аймақтық палатасы және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және есепке алу Комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум қабылдады.   

Қабылданған Меморандумның мақсаты көлік инфрақұрылымы аясындағы кәсіпкерлікті одан әрі қарай дамытуды сындарлылық, ашықтық және тиімділік қағидалары негізінде құрылған, бірлескен және келісілген іс-қимылды жүзеге асыру болып табылады.

Меморандум шеңберінде тараптар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамсыз ету және қорғау, кәсіпкерлікті дамытуга кедергі келтіретін жүйелі тосқауылдарды анықтау, бақылау-қадағалаушы органдардың кәсіпкерлер қызметіне заңсыз тексерулер жүргізуін жою және болдырмау шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытатын болады.

Қабылданған шаралар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сонымен қатар прокуратура базасында құрылған арнайы ұтқыр  топтың жұмысын жандандыру арқылы олардың құқықтарын қорғауға оң ықпал етеді деп күтілуде (сенім телефондары: 8 (7172) 71-22-11, 71-22-31).

Қабылданған Меморандум прокуратура мен бизнес-қауымдастықтардың жолға қойылған оңтайлы әрекеттесуінің жалғасы болып табылады.

Акмола көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.