You are here

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 23 қаңтар 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада аймақтық прокуратура органдары және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері тақырыбында бейнеконференция өтті.

Кездесу 2013 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылған Бас прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратураның аймақтық органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары арасында да осындай келісімдер жасалған.

Кеңесте прокуратура органдары мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар Меморандумды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко атап өткендей, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарда бизнес-ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою және заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов жоспардың маңызды тармақтарына, атап айтқанда, прокуратураның аймақтық органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «сенім телефондарын» ұйымдастыру, кәсіпкерлер проблемаларының картасын жасау, «Қуатты бизнес–қуатты Қазақстан» атты кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жобасын, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобаларды әзірлеу және іске қосу жұмыстарына тоқталды.

Іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлерден келіп түсетін хаттар негізінде олардың  жүйелі мәселелерін шешуде ортақ ұстанымды әзірлейтін жұмыс тобын құру қарастырылған. Мұндай жұмыс топтары барлық өңірлерде  құрылмақ.

Сонымен қатар импортталатын тауарларды посткедендік бақылау кезеңінде қайта саралау, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне қол сұғушылық фактілерімен байланысты кәсіпкерлердің жекелеген өзекті мәселелері тиісті шешімдер мен ұсынымдар айтыла отырып талқыланды. 

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, осындай форматтағы кездесулер тәжірибеде тұрақты қолданылатын болады. Қадағалаушы органдар және бизнес-қоғамдастық арасындағы тиімді ынтымақтастық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, бизнесті қорғау саласынды заңдылықты қамтамасыз ету, халықтың прокуратура органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.