Кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеруге жол берілмеді

18 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокуратура мемлекеттік органдардың заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тексеру бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарларды зерделеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасының және Қарулы Күштерінің Тыл басқармасының жоспарлары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағы талаптарына сай жасалмағаны анықталған.

Әскери прокуратураның наразылығына сәйкес аталған органдардың жоспарлары бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оңтүстік аймағы және Ақмола гарнизонының әскери прокуратуралары Астана қаласы, Жамбыл және Ақмола облыстары бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департаменттері бекіткен осындай жоспарларды бұзған.

Әскери прокурорлар қабылдаған шаралар нәтижесінде 592 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу