You are here

«Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбындағы форум туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2016 жылғы 14 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбында форум болып өтті.

Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Форум жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор өкілдері, сондай-ақ бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауға маманданған сарапшылар қатысты.

Бас Прокурор Жақып Асанов атап өткендей, осы іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған 2030 жылға қарай шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасай отырып, оның экономикадағы үлесін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру болып табылады.

Отырыс барысында тексерістерді тіркеу, прокуратураның қашан және қандай себеппен тексеріс жүргізетіні, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы прокуратураның рөлі сияқты өткір мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміндегі құқық бұзушылықтар туралы хабарларды тіркеу барысындағы заң бұзушылықтар, кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне тергеу әрекеттерінің барлық әдістерін пайдалана отырып негізсіз тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бас Прокурор барлық аталған фактілерге прокуратура органдары қатаң баға беретінін атап көрсетті.

Форумда көтерілген мәселелер Құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің жуырда өткізілетін отырыстарының бірінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің қатысуымен талқыланатын болады.

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу әрекеттерін анықтау мен оларды тоқтату үшін құқық қорғау, бақылау органдары мен бизнес-қауымдастықтың одан әрі өзара тығыз байланыс жасасу қажеттілігін айтты.

Бұл форум бизнесті қорғау саласындағы өзекті мәселелердің шешімін іздеуге және талқылауға арналған тұрақты алаңға айналатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.