You are here

«Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбында форум өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы (мазмұны және басымдықтары)» тақырыбында форум өтеді. Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесі.

Форум Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Осы іс-шарада кәсіпкерлерді неғұрлым қызықтыратын, атап айтқанда, оларды қылмыстық процесс шеңберіне тарту, тексерістерді тіркеу, прокуратураның кәсіпкерлер құқықтарын қорғау ісіндегі рөлімен байланысты мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Осы іс-шараның жұмысына Бас Прокурор, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің басшылары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің, сондай-ақ ғалымдар мен журналистердің қатысуы жоспарлануда.

Басталуы сағат 15:00-де.

Форум жұмысы «Atameken business channel» (abctv.kz) интернет-телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.