You are here

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша бейнеконференция жөніндегі баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 28 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиуымының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың, аймақтық прокуроралардың, кәсіпкерлер палаталарының, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Отырыста Бас прокуратура мен Ұлтты кәсіпкерлер палатасының арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумның шеңберіндегі бірлескен жұмыстың кезекті нәтижелері қаралды, сондай-ақ өзара әрекеттесудің бұдан кейінгі басым бағыттары талқыланды.

Кезекті кездесуді аша отырып, Асхат Дауылбаев келісім шеңберінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.

Атап айтқанда, жекелеген кәсіпкерлердің қатысуымен эксперименттік жағдайлар өткізе отырып, бизнес субъектілерінің уәкілетті органдар мен ұйымдарда рұқсат беру рәсімдерін өтуіне талдау жүргізілді.

Талдау кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін заңдылықтың айтарлықтай бұзылуларын анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, кәсіпкерлердің құқықтары жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында жиі бұзылады.

Көп жағдайда бұл кедергілер қолдан жасалады. Атап айтсақ, әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлер сәулет-жобалау тапсырмасын алу үшін келген кезде олардан заңмен көзделмеген құжаттарды талап еткен.

Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне орталық және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет туралы заң ережелерін қатаң сақтау, кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру жолында қолдан жасалған кедергілерді жою туралы тиісті хаттар жолданды.

Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында отырысқа қатысушылар прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палаталарының әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша іс-шараларының типтік жоспарын мақұлдады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін арыздарды ескере отырып, бірлескен жұмыс жүргізілетін бірінші кезектегі салалар анықталды, олар: жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, табиғи монополия субъектілерінің жүйелеріне қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды алу, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қаржылық қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін нарықта басым немесе монополиялы жағдайдағы  нарық субъектілерінің тізіліміне қосу негізділігі мәселелері.

Бас Прокурор облыс прокурорларына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық бөлімшелерімен тығыз өзара қарым-қатынаста аталған бағыттар бойынша талдау жүргізуді тапсырды.

Кеңеске қатысушылар бизнесті дамыту мәселелері бойынша өзекті проблемаларды шешуге, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.