You are here

Кәсіби мерекеге орай

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті.

 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі

Қазақстанның прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылған сәттен бастап ширек ғасырға жуық уақыт өтті.

Осы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды.

Бүгінде еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық функциясын іске асыра отырып, прокуратура органдары мемлекеттің сенімді тірегі болып саналады.

Биыл Бас прокуратура Президент жариялаған бес институционалдық реформаны және «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға белсенді түрде қатынасты.

Қадағалау практикасын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін, прокуратура органдарын қоса алғандағы сот төрелігін реформалау, сондай-ақ заңдылықтың үстемдігі қағидаларын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірледік және оларды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады.

Бұл реформалардан еліміздің жемісті дамуы және болашағы тәуелді. Сондықтан біздер Мемлекет басшысының бастамаларын орындау аясында қабылданған заңдарды бұлжытпай орындауымыз керек.

Жыл басынан бері еліміздің құқық қорғау жүйесі қылмыстық және әкімшілік заңнаманың жаңа моделі шеңберінде қызмет етуде.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі жаңадан құрылды, онда қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар арыздар мен хабарламалардың барлығы тіркеледі.

Бұл қылмыстық процестің бастапқы кезеңін оңтайландыруға, сотқа дейінгі тергеудің тиімділігін арттыруға, статистикаға қатысты айла-амалдардың фактісін қысқартуға мүмкіндік берді.

Процессуалдық прокурорлар институты тергеуге прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға жағдай жасады.

Батыс және Орталық Еуропа елдеріне ерекше назар аудара отырып жүргізілген халықаралық ынтымақтастық саласындағы прокуратура органдарының жұмысы Мемлекет басшысының оң бағасын алды.

Тұтастай алғанда кейінгі жылдары біздер 20 халықаралық келісім-шарт жасасып, Қазақстанның құқықтық базасын сапалық және сандық жағынан жақсарттық.

АҚШ және Ұлыбританиямен жасалған құқықтық көмек туралы шарттар Қазақстанның америкааралық және еуропалық конвенцияларға қосылу рәсімін жылдамдатады.

Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, оның басты индикаторы халқытың сенімі болып табылады.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау қызметі академиясын құру оның маңызды кезеңі болды. Тарихта алғаш рет қадағалау органының құрылымында оқу орны құрылды, ол барлық құқық қорғау жүйесінің басшыларын қоса алғанда кадрлар даярлайтын болады.

Академияны біздің еліміз үшін ғана емес, ТМД елдері арасындағы да бірегей жоба деп айтуға болады, өйткені оның баламасы жоқ.

Өткен айда Қадр саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелері көрініс тапқан заң қабылданды.

Алдағы екі жылда біздер кадрларды іріктеу, қызметкерлердің қызметте мансаптық ілгерілеуі, жұмыс нәтижелерінен тәуелді болатын еңбек ақы төлеу тәртібін түбегейлі қайта қарауымыз қажет.

Атқарылған іс аз емес.

Сонымен қатар, бүгінде біздер жауапкершілігі мол көптеген міндеттерді іске асыруымыз керек.

Ең бастысы – Мемлекет басшысының экономиканы қолдау және әлеуметтік кепілдемелерді күшейту жөніндегі Жолдауын сапалы орындау болып табылады.

Прокурорлардың қызметі әрдайым қоғамның назарында болады.

Прокурорлардың жұмыс нәтижелері бойынша адамдар көбінесе тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлықпен күресу, заңдардың біркелкі қолданылуы және жазаға тартылмай қалмаудың негізгі қағидасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің қабілеттілігін бағалайды.

Осыған орай, прокуратураның жұмыс тәжірибесі және ұстанымы қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің сипатына толықтай сәйкес келуі керек және еліміздің алдында тұрған жалпыұлттық міндеттерге сай болуы тиіс.

Кейінгі жылдары экономикалық дағдарыстан туындаған бұзушылықтарды жою, азаматтардың еңбек құқықтарын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының, кәсіпкерлердің және мемлекеттің мүдделерін қорғау мәселелері прокурорлардың жіті назарында болды.

Сыбайлас жемқорлық және экстремистік көріністерге тосқауыл қою жөніндегі шаралар белсенді түрде қабылданды.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарының еліміздегі заңдылықты нығайту бойынша атқарып отырған жұмыстарын жоғары бағалайды.

Қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, сондай-ақ олардың еңбек ету жағдайларын жақсарту жөніндегі бірізді шараларды осының куәсі ретінде келтіруге болады.

Кейінгі бес жылда біздер қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін кең ғимараттар салдық, оларда жемісті еңбек ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Биылғы жылы тұңғыш рет облыстық, қалалық және аудандық прокуратураның үздік ғимаратына байқау жүргізілді. Жеңімпаздар анықталды және оларды бүгін атап өтетін боламыз.

Мемлекеттің қолдауымен «Қол жетімді тұрғын үй-2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақындады.

«Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» және «Самұрық-Қазына» қорының қатысуымен Астана қаласында қоныстанған прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған көп қабатты тұрғын үй салынды.

Менің тапсырмам бойынша осы аптаның басында 110 пәтердің кілті тапсырылды. Жаңа жылдық мейрамдарды біздің қызметкерлердің отбасылары жаңа пәтерлерде қарсы алады деп күтілуде.

Біздің кәсіби және адамдық әлеуетіміз прокурорлық қадағалауды тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Прокурорлық корпустың үздік өкілдеріне үнемі жоғары кәсіби сапа, іске және қоғамның игілігіне аянбай қызмет ету және жеке тиянақтылық тән.

Прокурорлық қызметкерлердің жаңа буыны прокуратура ардагерлерінен үйренеді, олардың тәжірибесі мен білімі заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешуде өте қажет.

Отанға қызмет етуге барлық өмірін арнаған олар әріптестерінің арасында шынайы құрмет пен жоғары беделге ие.

Осы жылы біздің бастамамыз бойынша 2012 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміздің зейнетақыларын қайта есептеудің бұрыннан келе жатқан проблемасын шешуге мүмкіндік туды.

Олардың көпшілігі еңбек сіңірген демалыста жүріп, бұрынғыша қоғамдық өмірге белсенді түрде араласып, еліміздің игілігі жолында қызмет істейді.

Ардагерлер одағы біздің алдыңғы толқын әріптестерімді әлеуметтік қолдауға үлкен назар аударатыны қуантады, оларға шынайы көмек көрсетілуде.

Бүгінгі прокурорлардың өздерінің аға буын өкілдерінің үздік дәстүрлерін көбейтіп, алға қойылған тапсырмаларды лайықты шешетініне сенімдімін.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын, прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттерді орындауда үлкен жетістіктер, сіздерге және сіздердің отбасыларыңыға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Еліміз бейбіт өмір сүріп, гүлдене берсін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.