You are here

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бірінші жұмыс отырысы болып өтті.

Комиссия жұмысына Қауіпсіздік Кеңесінің, энергетика, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, сондай-ақ инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері қатысты. 

Жиында қоршаған ортаның экологиялық мониторингінің сапасы мен тиімділігі, сондай-ақ халық денсаулығына медициналық мониторинг жүргізудің жай-күйі мәселелері қаралды.

Экологиялық мониторингтің міндеттері қоршаған ортаның, биологиялық әртүрлілік пен экологиялық жүйелердің жай-күйі, антропогендік әсердің көздері, еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін өмір сүру ортасының факторлары, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі туралы сенімді және салыстырмалы ақпарат алу болып табылады.

Мәжілісте аталып өтілгендей, талдау кешенді түрде шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелердің бетін ашты. Бұл өсімдік және жануарлар әлемі, жердің тозуы, қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жою, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, қоршаған ортаның эмиссиясы және т.б. салалардағы жағдайды қамтиды. Осының негізінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылаудың бір жолға қойылған кең ауқымды және тиімді желісі эколгиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және қоғамның тұрақты дамуының кепілі болып табылады.

Жиын қорытындысы бойынша экологиялық қауіпсіздікті қаматамсыз ету және халықтың денсаулығын қоршаған ортаның кері әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жұмыс органының төрағалығы мен функциялары Бас прокуратураға жүктелген болатын. Комиссияның құзіретіне қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер етудің нәтижесінде туындайтын проблемаларды қарастыру жатады. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.