You are here

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы және РФ Бас прокуратурасының академиясы арасында келісімге қол қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының делегациясы ректор Ұлан Байжановтың басшылығымен Ресей Бас прокуратурасының академиясында жұмыс сапарымен болып  қайтты.

Іссапар барысында РФ Бас прокуратурасы академиясының ректоры Оксана Капинуспен, Ғылыми-зерттеу институтының, заң, магистрлік оқыту, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеттерінің басшыларымен кездесу өткізілді, Оқу кеңесінің отырысына қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің құқық қорғау органдары қызметкерлерін дайындау және біліктіліктерін арттыру жөніндегі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың өзектілігін, сондай-ақ теоретикалық және практикалық маңыздылығы бар фундаменталды және қолданбалы зерттеулер жөніндегі ведомствоаралық ғылыми жұмысты бірлесіп өткізу бойынша ынтымақтастықтың белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар оқулықтар, ғылыми-практикалық басылымдар, прокурорлық қызмет практикасы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері жөніндегі оқу-әдістемелік  құралдар мен ұсыныстарды дайындау және басып шығару бойынша бірлескен авторлық ұжымдар құру жөніндегі келісімге қол жеткізді. Монографиялық жұмыстарды және диссертациялық зерттеулердің ғылыми сараптамасын өзара рецензиялау бойынша мәселелер талқыланды.

Іссапар қорытындысы бойынша Академиялар арасында Білім беру және ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.