You are here

Қостанай облысында аудан прокуратурасының жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының Алтынсарин ауданы прокуратурасының жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы салтанатты түрде өтті.

Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель, Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов, облыс прокуроры Марат Қайбжанов, прокуратура органдарының ардагерлері, облыстың құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы және  өкілдік органдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары аудан прокуратурасының ұжымын осы айрықша күнмен құттықтай отырып, еліміздің басшылығы тарапынан үнемі көңіл бөлінуі нәтижесінде прокуратура органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық  жабдықталуы жақсарып келе жатқанын атап өтті. Тек соңғы төрт жыл ішінде ғана елде прокуратура органдары үшін 89 ғимарат салынды, оның ішінде 6-ы – Қостанай облысында, көптеген қала және аудан прокуратуралары қайта құрылып, көркейтілді.

И.Меркель Алтынсарин ауданы прокуратурасының ұжымына өңірдегі заңдылық пен құқық тәртібін күшейту жұмыстарында әрі қарай табысқа жетулерін тіледі.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.