You are here

Қостанай облыстық прокуратурасы қадағалау жұмысының нәтижелері туралы ( Қостанай қ., 20 қаңтар 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қостанай облысы прокуратурасының алқа отырысында 2015 жылы атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы мерзімге міндеттер айқындалды.

Облыс прокуроры Марат Қайбжанов атап көрсеткендей, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде аймақта қадағалау ықпалдылығының елеулі көтерілуі, соның ішінде мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау бойынша да байқалады.

Есептік кезеңде қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд. теңге өндірілді, шамамен 1 млрд. теңге тұратын мүлік қайтарылды.

Салық төлеуден жалтару амалдары және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілері анықталды.

Прокурорлардың талап арыздары бойынша жалған тұлғаларға тіркелген 55 кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуі жойылды, жалпы сомасы жарты миллиардтан астам салық төлеуден жалтару фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.

Әкімшілік айыппұлдардың шамамен 63% іс жүзінде орындалуы қамтамасыз етілді.

8,5 мың жұмыскер алдындағы 400 млн. теңге көлеміндегі еңбек ақы бойынша берешек өндірілді.

«Костанайские минералы» ЖШС қызметінің тоқтатылуына жол берілмеді, ол 2600 жұмыскердің жұмыссыз қалуына алып келуі мүмкін еді. 

Бизнес мүдделерін қорғау саласында прокуратураның талап арызы бойынша атқарушы органдар шығарған субъектілердің жарнама бизнесіне қатысуын шектейтін актілер сотпен заңсыз деп танылды.

Мемлекет меншігіне пайдаланылмайтын және арналуы бойынша пайдаланылмайтын жалпы көлемі 273 мың га 64 жер телімі қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында жұмыс белсенділігі арта түсті, қабылданған шаралармен 31 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і бірінші басшылар.   

Аймақтағы криминогендік жағдай қылмыскерліктің шамалы төмендеуімен сипатталады (23 845-тен 23 570 дейін), соның ішінде оның ауыр түрлері 8,6%-ға (1 202-ден  1 099 дейін) және орташа ауырлары - 19,5%-ға (2 0034-тен 16 133 дейін).

Соңғы екі жыл бойы аймақта бөтеннің мүлкін ұрлау азаюда (2014 жылы 9,1%-ға – 17530-дан 15942 дейін), оған құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сонымен қатар қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы ведомствоаралық жоспардың жүзеге асырылуы әсерін тигізді.

Аймақтың транзиттік орналасуын ескере отырып, облыс прокуратурасының бастамасымен барлық құқық қорғау және арнайы органдар есірткінің заңсыз айналымына қарсы ведомствоаралық жоспар қабылданды.

Үйлестіру рөлінің күшейтілуінің нәтижесінде 6 адамнан тұратын біріккен қылмыстық топтың қылмыскерлік әрекеттері тыйылды, олар облыс аймағына аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдауды ұйымдастырған. Тұтқындаған кезде олардан 288 кг марихуана және 1,5 кг гашиш табылған.

Арнайы прокурорлар қоғамдық резонанс тудырған 37 қылмыстық іс тергеді. Аталған істерді сотта қарау нәтижесінде 14 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық сот өндірісінде 314 млн. теңге көлемінде бюджет шығындарына жол берілмеді.

Прокурорлардың наразылықтары бойынша 42 млн. теңгеден астам соманы құрайтын айыппұл тағайындалып, әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған 9 жеке тұлғаның құқықтары қорғалды.

Алимент өндірумен байланысты мәселелі сұрақтарды шешу бойынша кешенді шаралар қолданудың нәтижесінде 1210 кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары қорғалды, 167 млн. теңге көлемінде берешек өндіріліп алынды.

Алқа жұмысының нәтижелері бойынша аймақ прокурорларына прокурорлық қадағалау әсерлілігінің одан әрі көтерілуі, республика Президенті тапсырмаларының жүзеге асырылуы бойыша мақсаттар қойылды.

Қостанай облысы

прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.