You are here

«Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты екінші криминологиялық форумы шеңберіндегі сараптамалық кездесу туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 17 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты екінші криминологиялық форум шеңберінде сараптамалық кездесу өтті, онда «Неліктен адамдар куә болғысы келмейді?», «Жәбірленуші: оның құқықтары сенімді қорғалған ба?» деген куәлар мен жәбірленушілердің құқықтарын іске асырудың проблемалы сұрақтар талқыланды.

Іс-шараны Бас прокуратура мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Еуропа Одағының «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен ұйымдастырды. Оның жұмысына халықаралық сарапшылар, ғалымдар, прокурорлар мен адвокаттар қатысты.

Форумның модераторы, Академия бірінші проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров атап өткендей, Криминологиялық форумның диалог алаңында құқық қолдану практикасының, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша нысаналы пікір алмасу сериясы жалғасын табады. Кезекті пікірлесу тақырыбы -  куәлар мен жәбірленушілердің құқықтарын іске асыру кезінде туындап отырған проблемалар.

 «Қылмыс құрбандарын толыққанды қолдау құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі мен қоғамның қорғалу сезімін қамтамасыз етеді»,-деді Еуропа Одағының «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының ұлттық сарапшысы Назгүл Ерғалиева өзінің кіріспе сөзінде.

Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі Серік Темірболатов өз баяндамасында құқық қорғау органдары қызметінде қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдылығын атап өтті. Ол құқық қолдану практикасын талдаудың жекелеген нәтижелерін, жәбірленушілердің, куәлардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру бөлігінде заңнамалық шаралар қабылдауды қажет ететін проблемалы мәселелерді айтты.

«Куәлардың құқықтары мен міндеттерін жеткілікті қамтамасыз етпеу салдарынан көптеген азаматтар қылмыстық процеске тартылғысы келмейді және өзінің азаматтық борышын іске асырудан қашқақтайды.

Сондай-ақ баяндамашы қылмыстық процестің жарыспалылығы, процесте адвокаттың рөлін арттыру, жәбірленушілердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын аса маңызды сұрақтар бойынша жауап алу кезінде жәбірленушілердің пікірлерін міндетті түрде есепке алу, жәбірленушінің немесе куәның құқықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде олардың жеке өмірін сақтау тақырыптарын қозғады.

Диалог барысында халықаралық сарапшылар Еуропа Одағы елдерінің куә мен жәбірленушінің құқықтық мәртебесіне қатысты тәжірибесімен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша халықаралық тәжірибені, сарапшылардың, ғалымдардың, адвокаттардың ұстанымдарын есепке ала отырып құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жасап шығарылды, олар заңнамалық бастамалар дайындау кезінде пайдаланылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 9 қарашасында Бас Прокурор Жақып Асанов «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты криминологиялық форумының алғашқы отырысын ашып, онда қылмыстық айыппұлдар тағайындау мәселелері, оларды орындау және осы институтты жетілдіру проблемалары талқыланған болатын.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.