You are here

«Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты алғашқы криминологиялық форум туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 9 қараша 2016 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты алғашқы криминологиялық Форумның отырысы өтті.

Еуропалық Одақтың "Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру" атты Жобасы іс-шараның бірлесіп ұйымдастырушысы болды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығы, ғалымдар, адвокаттар алқасының, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес мұйымдардың өкілдері қатысты.

Жақып Асанов отырысты аша отырып қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолданудың даулы мәселелерін қоғамдық талқылауға арналған тұрақты алаңның жасалып жатқанын атап өтті. Нақ осында ғалымдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, адвокаттар мен құқық қорғаушылардың пікірлері жинақталатын болады. Мұндай форматтың нәтижесі - тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, адамдардың мүддесін көздейтін, яғни, күдіктінің, жәбірленушінің, куәгерлер мен өзгелердің көзқарасына негізделген ұсыныстардың әзірленуі.

Бас Прокурор алғашқы екі кездесуді Бас прокуратурада өткізуді және алдағы уақытта талқылауларға арналған база ретінде Қосшыда орналасқан Құқық қорғау органдарының академиясын белгілеуді ұсынды.

Адамдардың негізгі құқықтарын қамтитын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың ерекше маңызын айта отырып, Жақып Асанов құқық қолдану практикасының жеке проблемалық мәселелерін атап өтті. "Адамдар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мемлекеттің жазалаушы құралы ретінде қабылдайды. Алайда олар ең алдымен қоғамның өзін, тұлғаларды және меншікті қорғауға бағытталған", - деп қорытындылады Бас Прокурор.

Жақып Асанов атап өткендей, бұл алаңда куәгердің, жәбірленушінің, күдіктінің, сарапшының және өзгелердің проблемалық мәселелері талқыланатын болады, ал әзірленген ұсыныстар алдағы уақытта Ведомствоаралық топқа беріледі.

Бүгінгі жиында қылмыстық айыппұлдар тағайындау, оларды орындау мәселелері және осы институтты жетілдірудің проблемалары талқыланды.

Отырыста айыппұлдар тағайындау және оларды орындау үшін басты кедергілер ретінде олардың тым үлкен мөлшері, өтеу мерзімінің жеткіліксіздігі және төлемеушілерге ықпал етудің тиісті тетіктерінің жоқтығы болып табылатынын атап өтті.

Бас прокуратура айыппұлдар мөлшерлерін түзетуге және төмендетуге, еселік айыппұлдарды енгізуге, төлеуді кейінге қалдыру мерзімдерін ұлғайтуға және айыппұлды бөліп төлеуге қатысты нақты заңнамалық шаралар қабылдау туралы бастамалық ұсыныстарын жариялады.

Форумда оның қатысушылары арасында, соның ішінде Бас прокуратураның ұсыныстары бойынша мүдделі пікір алмасу болды, оның нәтижелері бойынша қылмыстық айыппұлдар жүйесін жетілдіру қажеттігі туралы ұсыныстар жасап шығарылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.