You are here

Контрабандалық тауар анықталғандығы жөнінде баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылғы 26 қарашада Алматы қаласындағы «Жәрдем» Ауғанстан ардагерлері одағының өкілдері Жетісу және Талдықорған көлік прокуратураларының аталған одақтың 10 автокөлік құралын заңсыз ұстауына қатысты кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторийді бұзуға жол бергендігі туралы баспасөз конференциясын  өткізді.

Бас прокуратура аталған баспасөз конференциясында мәлімделген өтініш зерделенді, соның нәтижелері бойынша мынаны хабарлаймыз.

«Жәрдем» Ауғанстан ардагерлері одағының автокөліктерін ұстау және тексеріп қарау кеден органдары қызметкерлерінің қатысуымен экономикалық контрабанданың жолын кесу мақсатында құрылған ведомствоаралық мобильдік топтың жұмысы шеңберінде жүргізілді.  

Атап айтқанда, 2014 жылғы 20 қазан мен 11 қарашада жоғарыда аталған прокуратураларға ведомствоаралық мобильдік топтың құрамына кіретін органдардың қызметкерлерінің бірінен «Жәрдем» Ауғанстан ардагерлері одағының контрабандалық тауарларды әкелгендігі туралы хабарлама келіп түскен. 

Аталған хабарламаларда қылмыс құрамының белгілері болғандығы назарға алынып, олар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығымен бекітілген Өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпаратты, оның ішінде электронды форматта қабылдау, тіркеу, есепке алу туралы нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, прокуратура органдарының ӨАЕК-на тіркелді.

Осылайша, прокуратура тексеру іс-шараларын қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде жүргізді, бұл жарияланған мораторий талаптарына қайшы келмейді.

Тексеру барысында Қытайдан келе жатқан халық тұтынатын тауарлар тиелген 8 автокөлікті Жетісу көлік прокуратурасы және 2 автокөлікті Талдықорған көлік прокуратурасы ұстады.

Кеден органдары қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша 8 автокөлік құралынан 98 млн. теңге сомасында 80,5 тонна контрабандалық тауар анықталды, соның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 26,6 млн. теңге мөлшерінде кедендік төлемдер түспеген.

Талдықорған көлік прокуратурасы бүгінде 1 автокөлікті тексеріп, онда 12,9 тонна декларацияланбаған тауар анықтады (29,8 млн. теңге сомасында, бюджетке түспеген кедендік төлем сомасы 9 млн. теңгені құрады).

Жетісу көлік прокуратурасы жүктерді тексеріп қарауды «Жәрдем» Ауғанстан ардагерлері одағы өкілдерінің қатысуымен, фото- және бейнетүсіруді қолданумен жүргізді.

Талдықорған көлік прокуратурасы тексеріп қарау рәсімін дәл осылай, бірақ жүк иесі өкілдерінің қатысуынсыз жүргізген, бұл «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қайшы келмейді.

Тексеріп қарауға қатысу туралы бірнеше рет ескертілсе де, жүк иелері бірде-бір рет келмегендігін атап өткен жөн.

Осылайша, келіп түскен ақпарат расталды.

Осыған байланысты 26 қарашада Талдықорған көлік прокуратурасы және 27 қарашада Жетісу көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 209-бабының 2-бөлігі бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық істер қозғап, олар алдын ала тергеу жүргізу үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды.  

Сонымен бірге, қабылданған процессуалдық шешімдермен келіспеген жағдайда «Жәрдем» Ауғанстан ардагерлері одағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 108 және 109-баптарындағы тәртіппен оларға шағым беруге құқылы екендігін түсіндіреміз.

Үстіміздегі жылы ведомствоаралық мобильдік топтардың Қазақстан-Қытай және Қырғызстан шекараларындағы жұмысы аясында прокуратура органдары 402 кеден заңнамасын бұзушылықты анықтады, 27 қылмыстық және 192 әкімшілік істер қозғап, мемлекет кірісіне 408 млн. теңгеден астам сомада шығын өндіргенін атап өткен жөн.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.