You are here

Комитеттің инновациялық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне арналған семинар-мәжіліс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасында ҚР Бас прокуратураның Құқықтық сататистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрайымы Сәуле Айтпаеваның төрағалығымен  құқық қорғау органдарында Комитеттің инновациялық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне арналған семинар-мәжіліс өтті.

Семинар жұмысына   Ақмола облысы  әкімінің бірінші орынбасары Р.Әкімов, сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының   құқық қорғау органдарының   басшылары,   ішкі істер мен қаржы полициясы органдарының өкілдері қатысты.

Мұндай семинар үстіміздегі жылдың 23 мамырында оңтүстік өңірдің құқыққорғау органдарында өткен болатын. Оның пайдалылығына көз жеткен соң Бас Прокурордың қолдауымен енді мұндай шараларды еліміздің барлық өңірлерінде өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Шара барысында қатысушыларға Комитеттің жүзеге асырылып жатқан және қолданыстағы    («Өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабы», «Айқын», «Электрондық талон», «Бизнес тірегі», «Қылмыстылық картасы», «ЖКО  картасы»), сонымен қатар Бас прокуратураның жаңа жобасы -Құқыққорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесімен таныстырып өтті.

Құқық қорғау және арнайы органдардың Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі   оған қосылған барлық 49 мемлекеттік органдар үшін бір терезе ұстанымын ұсынады және ол бойынша өздерін қызықтырған   ақпаратты   әпсәтте ала алады.

Барлық жүйелер мен деректер қоры ортақ бір мақсатты – қылмыстық қудалау органдары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін көтеру арқылы жұртшылықтың оларға деген сенімін арттыруды көздейді.

Мысалы, құқыққорғау органдары  2011 жылы  Өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабына  (ӨАЕК) - электрондық деректер қоры  енгізілген. Ол арқылы прокуратура мен қылмыстық қудалау органдары нақты уақыт режимінде қылмыстар туралы әр арыз бен хабарламаның қаралу барысын қадағалап отыра алады.

«ӨАЕК» енгізу өтініштерді жылдам және жан-жақты шешуге, әуре-сарсаңды азайтуға жағдай жасады, полиция қызметкерлерінің азаматтармен іс жүргізуден тыс   қарым-қатынастырын азайтты. 

Өтініштерді электрондық тіркеу қорында қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін азаматтарға талон-хабарламаларды беру жобасы енгізілді, ол нақты уақыт тәртібінде өз өтініштерінің қаралу барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Электрондық талон» жобасының көмегімен азаматтар өз өтініштерінің қаралу барысын бақылап отыруға, яғни, өтініштің  қабылданғаны, онымен кім айналысатыны және ол бойынша қандай шешім қабылданғаны туралы Интернет арқылы жедел ақпарат алуға мүмкіндік алды.

«Айқын» жобасы азаматтардың мемлекеттік органдарға берген өтініштерін қараудың айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта  бұл бақылау жүйесі министрліктер мен ведомстволарда жұмыс істеп тұр. 

«Бизнес тірегі» жобасының көмегімен кез келген кәсіпкер тағы да сол құралдарды – Комитет сайтын, SMS-хабарлама немесе call-орталықты пайдалана отырып, тексеруді тіркеудің нақтылығын, орган атауын және тексерушілер туралы деректерді, сондай-ақ тексеру мәні мен кезеңі туралы ақпарат ала алады.

Жоғарыда аталғандармен қатар, талдау және геоақпараттық жүйелер енгізілуде.

 «Қылмыстылық картасы» - Қазақстан қалаларының картасында қылмыс жасалған орынды көзбе-көз көрсететін интерактивті карта. Оның ерекшелігі қылмыс жасалу дерегі тіркелгеннен кейін және оны деректер қорына енгізген соң автоматты түрде географиялық картада көрінеді.  Ол арқылы қала тұрғындары өз аудандарының ең қауіпті жерлерін, тіпті тәулік мерзімі бойынша өз бетінше біле алады.

Кеңес барысында оған қатысушылар құқықтық статистика жүйесінде енгізілген инновациялық жобалардың пайдалылығын айта келіп, олардың мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР Бас прокуратурасы   Құқықтық статистика  және арнайы есепке алу  жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.