You are here

«Колониялардағы жұмыспен қамту» түрме реформасының екінші форумы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 12 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» түрме реформасының екінші форумы болып өтті. Іс-шараны Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және «Penal Reform International» халықаралық ұйымы Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов,   Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Қылмыстық атқару жүйесінің облыстық департаменттерінің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынды аша отырып Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пенитенциарлық реформаның іс жүзінде қол жеткізілген алғашқы нәтижелеріне, түрмеде отырған адамдардың санын кеміту жөніндегі шараларға тоқталды. Нақтырақ айтқанда, сотталған адамдарды қоғам өміріне әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан бейімдеу, оларға электрондық мониторинг жүргізіп отыру жүйесін енгізу, бас бостандығынан айырмайтын қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануды кеңейтуге бағытталған пробация институтын енгізудің тиімділігін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы жүйелі негізде және дәйекті түрде қылмыстық-құқықтық қатынастарды, соның ішінде қылмыстық жазалауды атқару саласында ізгілендіру саясатын жүргізіп келе жатқандығын атап көрсетіп, ағымдағы жылы еліміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру және ырықтандыру үрдістерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің қабылдануы осы бағыттағы маңызды қадам болғандығына тоқталды.

Сондай-ақ ол бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбектің айрықша маңызына тоқтала келіп, аты аңызға айналған Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, 27 жыл бойы тар камерада жападан жалғыз қамауда болған Нельсон Манделаның ауыр тағдырын мысалға келтірді. Адам төзбес қиындықтарға қарамастан, күнделікті еңбектену мүмкіндігінің арқасында Мандела өзіне және өз күшіне сенімін сақтап қана қоймай, сотталғандардың сауатын ашқан.

Гүлшара Әбдіхалықова жиынға қатысушыларды келе жатқан ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Стратегиялық бағдары адамның толыққанды дамуына қажетті барлық жағдайды жасауға, оның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға, материалдық әл-ауқатын жан-жақты көтеруге бағытталған.

Форум жұмысы барысында қатысушылар сотталған адамдардың жұмыспен қамтылғандарының санын 2018 жылға дейін 75 %-ға жеткізуді көздейтін «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» атты PRI әзірлеген жобаны талқылады. Сондай-ақ олар жобада ұсынылып отырған заңнаманы және еңбек қызметін ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру, колониялардың өндірістік базаларын және оқыту жүйесін дамыту, бизнес құрылымдарын тарту жөніндегі шараларды талқылады. Жоба авторларының пікірінше, бұл шаралар, тұтастай алғанда, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етпек.

Сотталған адамдарды еңбекпен қамту – қылмыстық-атқару жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі екендігі жиында айрықша аталды. Олардың арасындағы еңбекке қабілетті 27 мың адамның жартысы ғана ақы төленетін жұмыспен қамтылған. Осындай жұмыссыздықтың салдарынан қылмыстық ахуал асқынып, тәртіп пен құқық бұзушылық деңгейі арта түседі. Өйткені түрмеден босап шыққан баспанасы мен тұрақты жалақысы жоқ, тұрмысы орнықпаған адамдар қайтадан құқық бұзып, қылмыс жасауға бейім болатындығы белгілі.

Сондай-ақ сотталған адамдарды жұмыспен қамтудың қазіргі қалыптасқан жүйесі жәбірленушілерге және мемлекетке келтірілген шығынның өтелуіне қатысты проблемаларды толықтай шешуге мүмкіндік бере алмайды. Бүгінгі таңда сотталғандардың қарызы 29 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекетке қарыздары 17 млрд. теңгеге жетіп отыр. Осы себептен де олардың көпшілігі шартты түрде уақытынан бұрын бостандыққа шыға алмауда.

Сондықтан бас бостандығынан айыру орындарында еңбекке тарту арқылы адамды лайықты түрде ынталандырып қана қоймай, оның жаңа мамандық алуына және түрлі өндірістік кәсіпті игеруіне, келтірілген шығынды өтеу және қаражат жинау тәрізді өзге де маңызды мәселелерді шешуіне мүмкіндік жасау – мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Осы мәселелерді шешу – сотталған адамдарды қоғамға оңтайлы бейімдеп қана қоймай, сотталғандарды асырап ұстауға мемлекеттің жұмсайтын шығындарын да азайтуға мүмкіндік береді.

Форум аясында сотталған адамдарды түзету және қоғамға бейімдеу, еңбекке дағдыландыру және дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасылды. Жиынға қатысушыларға «Сотталғандар үшін 100 жұмыс» атты іс-тәжірибелік құрал мен «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» жобасын жүзеге асыратын іс-шаралардың жоспары бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасы  таныстырылды.

Аталған ұсыныстар сотталған адамдарды жұмыспен неғұрлым толық қамтамасыз етуге, қайталанып жасалатын қылмыстардың алдын алуға және жазаның өтелу үрдісін барынша тиімді өткізуге бағытталған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.